Жел 11, 2023 21:02 Asia/Almaty
  • Иранның Денсаулық сақтау министрі: Сионистердің Газаға шабуылдарында құрбан болғандардың 70 пайызы – әйелдер мен балалар

Иранның Денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше отырысында: "Сионистердің Газаға шабуылдарында құрбан болғандардың 70 пайызы – әйелдер мен балалар",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахрам Эйнуллахи кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Газаға қатысты вебинар қалыбында өткен 7-ші төтенше отырысында: "Палестинада денсаулық сақтау жүйесі толық күйреді. Сионистік режимнің үздіксіз шабуылдары салдарынан ондаған аурухана мен медициналық орталық қызмет көрсетуге жарамсыз болып қалды",-деді.

Бахрам Эйнуллахи сионистік режимнің соғыс қылмыстары мен геноцидін тоқтату үшін халықаралық ұйымдардың дереу де кесімді түрде араласу керегін айтып: "БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштен осы ұйым жарғысының 99-бабына сүйеніп, сионистік режимнің Газаға қарсы соғысынан әлемге төніп тұрған қатер туралы Қауіпсіздік кеңесіне ресми ескерту жасап, атысты тоқтату бітімін орнатуды тапсырғанына алғыс айтты",-деді.     

Тегтер