Жел 18, 2023 16:23 Asia/Almaty
  • Рим папасы Газада Израиль тарапынан бір шіркеудің бомбаланғанына реакция білдіріп, мұны терроризм деп атады

Әлем католиктерінің көсемі Рим папасы Франциск жексенбі күні Газада Израиль тарапынан бір шіркеудің бомбалануы салдарынан осы жерді паналаған бір ана мен оның қызы қаза тапқанын айтты.

Рим папасы: "Қарусыз бейбіт тұрғындар бомбалардың нысанасына алынып жатыр. Мұндай жағдай тіпті қасиетті мекенде орын алуда. Онда ешқандай террорист жоқ. Онда тек бейбіт жанұялар, балалар, науқас адамдар мен мүгедек жандар ғана бар",-деді.

Бейт ул-Мұқаддастың епископы сенбі күні мәлімдеме жасап: "Газада соғыс басталғалы бері христиан жанұялардың көбі шіркеулерді паналап жатыр. Бірақ Израиль армиясы шіркеудің бір бөлігі болып саналатын 54 мүгедекке орын берген "Тереза ана" әйелдер монастырына шабуыл жасады",-деді.

Тегтер