Ақп 14, 2024 22:48 Asia/Almaty
  • The Wall Street Journal: Израиль делегациясы өткізген Каир келіссөздері тұтқындармен алмасу туралы келісімсіз аяқталды

The Wall Street Journal-дың хабарлауынша, атысты тоқтату бітімін енгізу мерзіміне қатысты қайшылықтарға байланысты Израиль делегациясы Каирден еш нәтижесіз қайтты.

The New York-тың хабарлауынша, төменірек лауазымды басшылармен келіссөздер жалғаса береді. Бірақ қос тараптың қайшылықтары көп. Келісімнің ауылы әлі алыс.

Кейбір ақпарат құралдарының мысырлық басшыларға сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-тың тұтқындармен алмасу туралы жобасы күн тәртібіне қойылды. Бұл жобада алты апталық атысты тоқтату бітімін енгізу ұсынылған. Ал бұған дейін келіссөздерде соғысты тоқтату мәселесі қарастырылған еді. Палестина тарапы соғысты тоқтатуды тұтқындармен алмасудың басты шарты деп жариялады, бірақ сионистік режим әлі де соғысты жалғастыруға табандылық танытып отыр.  

France Press ақпарат агенттігі басқа бір мәлімет таратып, келісімге келуге жақсы қадамдар жасалды деп хабарлады.    

ХАМАС саяси кеңсесінің бір мүшесі: "Каирдегі келіссөздердің егжей-тегжейі туралы сөйлесуге әлі ерте",-деді.

Хисам Бадранның айтуынша, Нетаньяху ХАМАС пен қарсыласу күштерін жоюдың мүмкін емес екенін түсінді, сондықтан келіссөз өткізуге мәжбүр.

Тегтер