Маусым 12, 2024 18:25 Asia/Almaty
  • Оксфам ғасырдың ең үлкен дағдарысын G7 әскери шығындарының 3%-ы арқылы шешу  туралы пікір білдірді

Oxfam қайырымдылық ұйымы G7-нің Италиядағы кездесуі қарсаңындағы мәлімдемесінде: "Бұл топтың әскери шығындарының тек 3% ғана жаһандық азық-түлік және қарыз дағдарысын шешуге көмектесе алады",- деп мәлімдеді.

Әлем «аштық» деп аталатын ғасырдың ең үлкен жаһандық апатымен бетпе-бет тұр. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, соңғы онжылдықтарда алғаш рет балалардың аштығы мен дұрыс тамақтанбауы көбейіп,  әлемдегі миллиондаған отбасы балаларын жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысуда.

Оксфам мәлімдемесінде былай деп жариялады: "Әлемдегі аштықты жоюға жыл сайын 31 миллиард 700 миллион доллар қажет болса, Жетілік топтың әлемнің ең кедей елдерінің қарызын азайтуға қосқан үлесі де 4 миллиард долларды құрайды".

Оксфам  әлемде аштықты толығымен жоюға болжаған бюджет G7 2023 жылы әскери шығындарға жұмсаған 1200 миллиард доллардың 2,9%-ына тең.

Оксфам мәлімдемесіне сәйкес, үкіметтердің бүгінде соғыс пен қантөгіске қаржысы бар, ал аштықты тоқтатуға келгенде олар кенеттен банкротқа ұшырайды.

Ертең, 13 маусымда Италияның Апулия аймағында үш күн бойы осы топқа қайырымдылық қаражат бөлу үшін G7-тің жыл сайынғы жиналысы өтеді. Бұл топқа Америка, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Канада, Германия, Италия сияқты әлемнің жеті индустриялық елдері кіреді.  

 

Тегтер