Иран ДАИШ-тың Ауғанстанда пайда болуы туралы ескерту жасады
(last modified Wed, 22 Jun 2016 08:25:02 GMT )
Маусым 22, 2016 14:25 Asia/Almaty
  • Иран ДАИШ-тың Ауғанстанда пайда болуы туралы ескерту жасады

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі ДАИШ пен содан шыққан басқа лаңкестік топтардың Ауғанстанда пайда болуы туралы ескерту жасады.

ИРНА-ның мәліметінше, БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Ғоламали Деһқани Ауғанстан жағдайын талқыға салған Қауіпсіздік кеңесінің сейсенбі күнгі отырысында: «Ауғанстан осы уақытқа дейін қауіпсіздік, саяси және экономикалық дағдарыстармен бетпе-бет кліп отыр. Бұл елдегі қарулы қақтығыстардың артуы 2001-ші жылдан бері кездеспеген жайт»,- деді.

Деһқани Ауғанстандағы лаңкестік топтармен ынтымақтастық жасауды айыптап, ДАИШ-тың дамуы мен бөлімдерінің Ауғанстанның батысында, Иранның солтүстік-шығысында, сонымен бірге Өзбекстан мен Тәжікстанның исламдық қозғалыстарының пайда болуын ескертіп: «Егер бүгін бұл топқа шынайы қарсыласу білдірілмесе, келешекте көптеген қиындықтар туындайды. Осы кезде Ауғанстанның ұлттық үкіметі лаңкестік және экстремизммен күресуде. Сондықтан халықаралық қауымдастық бұл елдің үкіметіне қауіпсіздік, саяси және экономикалық дағдарыстармен күресуге көмектесуге міндетті»,- деп қуаттады.