Нау 21, 2017 16:04 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 110

Өтірік айту – ең жаман кемшілік әрі ең үлкен күнәләрдің бірі; жамандықтардың қайнары. Шындық – тіл мен жүректің үйлесімділігі. Өтірік – бұл екі мүшенің үйлесімсіздігі, екіжүзділік – сырт пен іштің айырмашылығы.

Рауаяттардың бірінде  күндердің бірінде бір ер адамның Исламның ұлық пайғамбарына келіп: «Мен намаз оқымайтын адаммын. Шариғатқа қайшы іс-әрекет жасаймын және өтірік айтамын. Алдымен қайсын қояйын?»- деп сұрағанда пайғамбардың: «Өтірік айтуды»,- деп жауап бергені айтылған. Сол кезде ер адам пайғамбардың алдында еш уақытта өтірік айтпауға уәде береді. Көп ұзамай оның жүрегінде шариғатқа қарсы әрекет етуге деген  шайтандық күдік-күмән пайда болды. Сол сәтте оның есіне берген уәдесі түсіп, ол: "Егер, ертең пайғамбар бұл әрекет туралы сұрағанда, жасамадым десем жалған айтқан боламын, ал егер шындықты айтсам жазаланамын» деп ойлайды. Сөйтіп ол пайғамбарға өтірік айтпау туралы берген уәдесіне табандылық танытып, шариғатқа қарсы жасағысы келген әрекеттерді орындамай, барлық күнәлар мен ахлақтық бұзақылықтардан алыстайды. 

Имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Барлық жамандықтар үйдің ішінде. Бұл үйдің кілті – өтірік»,- деген. («Бихар л-Анвар», 72-ші том). Өтіріктің басқа күнәлармен байланысы адамның әрқашан шындық айтудан бас тартынуы болып табылады. Өйткені, шындықты айту адамның әшкереленуіне себеп болатындықтан, ол әрқашан өтірік айтады. Сол себепті өтірік айту екіжүзділіктің те  көзі болып табылады. Шындық – тіл мен жүректің үйлесімділігі. Өтірік – бұл екі мүшенің үйлесімсіздігі, екіжүзділік – сырт пен іштің айырмашылығы. Сондықтан Алланың елшісінен: «Иманы бар адамды қорқыныш  жеңе алады ма?»- деп сұрағанда хазірет: «Иә»,- деп жауап берген. Хазіреттен: «Мүмін адам сараң бола алады ма?»- деп сұрағанда: «Иә»,- деген. Пайғамбардан: «Мүмін өтірікші бола алады ма?»- деп сұрағанда: «Жоқ»,- деп жауап берген. («Джаме Саадат», 2-ші том). Өтірікке кейде кедейшіліктен қорқу, кейде жағдайы мен мансабынан айырылуына алаңдау немесе байлық пен лауазымды жақсы көру себеп болуы мүмкін. Шынайы иман келтірген адам оның барлық қиындықтарын тек Алланың шешетіндігіне сенімді болуы керек. Бірақ, өтірік айтатын адам өз мақсаттарына жетуі үшін өтірікті пайдаланады. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.): «Өтірік иманның үйін қиратады»,- деген. («Усул Кафи», 2-ші том). Имам Әли (ғ.с.)  да бұл турлы: «Адам өтірік айтуды қоймағанша, иманның дәмін татпайды»,- деген болатын. («Усул Кафи», 2-ші том). Қоғамның ең маңызды қорларының бірі қоғамдық сенім болса, оны құртатын ең маңызды себеп – өтірік. Осыған орай Исламның ұлық пайғамбары  мен пәк имамдар бұл қорды сақтап қалу үшін мұсылмандарға бірнеше топпен достық орнатпауды қатаң насихаттаған. Имам Әли (ғ.с.) сөзінің бірінде: «Өтірікшімен дос болма, ол сағым сынды алысты жақын, жақынды алыстатады»,- деген. («Наһдж ул-Балаға», 38-ші хикмет). Келесі бір сөзінде: «Мұсылманның  өтірікшіге дос әрі бауыр болудан алыстағаны жөн. Өйткені, ол өтірік айтатындықтан, егер ол шындықты айтса да оған ешкім сенбейді»,- деген. («Усул Кафи», 5-ші том). Ант ішу де басқаларды өзіне қызықтырып, сеніміне ие болу мақсатындағы жолдардың бірі. Бірақ, кейбіреулер ант ішуді басқаларды алдау үшін пайдаланады. Олар  өз мақсаттарына жету үшін қоғамдық сенімді өз мүдделері үшін қолданады. Алла Тағала мүміндер мен адамзат қоғамына "Алла және Алламен ант етуді жалғандық  және өтірік айту үшін қолданып, қоғамдағы қасиеттердің әлсіреуіне себеп болмаңдар. Өйткені дүние мен ақыретте бұл істің жақсылығын көрмейсіңдер" деп ескертеді. «Алланың антын арзымайтын нәрсеге айырбастамаңдар. Білетін болсаңдар, Алланың қасындағы ғана жақсы» («Наһл» сүресі 95-ші аят), және «(Мұхаммад с.ғ.с.) өздеріне Алла ашуланған қауымды дос тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде, олар сендерден де, олардан да емес. Сондай-ақ, олар біле тұра өтірікке ант ішеді. Алла, оларға қатты азап әзірледі. Олардың істегендері нендей жаман». («Мүжәдәлә» сүресі, 14-15-ші аяттар). Исламның ұлық пайғамбары өтірік ант ішуді ең жаман күнә деп атап: «Алламен ант ішкен әр адамның сөзінде масаның қанатындай кішкентай өтірік болса, оның жүрегінде қиямет күніне дейін қалатын қара дақ пайда болады» деп, келесі бір сөзінде: «Алла Тағала қияметте олармен сөйлеспейтін және олардың күнәләрін кешірмейтін үш топ бар. Олар: сыйлаған нәрселерін міндетсінетіндер, өз нәрселерін өтірік ант ішіп, сататындар мен тәкаппар адамдар»,- деген болатын. Алланың елшісі  өтірікті   жағымсыз және өсімқорлықтан да жаман деп атап: «Ең жаман  әрі ең жоғары өсімқорлық – өтірік»,- деген болатын. («Мастадрак әл-Васаел», 9-шы том). Бұл хадис туралы экономикалық өсімқорлықта адам мүлкі мен ақшасын харам жолдар арқылы көбейтуге талпынады. Бірақ, өтірікші жоқ нәрседен өзіне бір нәрсе жасағысы келеді деп айтуға болады.