Маусым 13, 2017 16:43 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 19

Хазірет Әли (ғ.с.) өз өмірінің соңғы Рамазанында ерекше көңіл-күйге ие болды. Қасиетті Рамазан айының 19-шы күні қарсаңындағы түні хазірет «Ясин» сүресін оқып болған соң, аспанға қарап: «Бүгінгі түн – маған кездесуге уәде берілген түн»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.) қасиетті Рамазан айының 19-шы жұлдызының таңы білінерден бұрын таң намазын оқу үшін мешітке аттанды

Қасиетті Рамазан айының он тоғызы хазірет Әли (ғ.с.)-ның Куфе мешітінде соққы алған күнінің жылдығымен тұспа-тұс келеді. Хиджри қамаридың қырықыншы жылының осындай күні таң намазының сәждесін жасап жатқан хазірет Әли (ғ.с.)-ды  Ибн Молджам Моради  деген адам  қылышпен ұрып, жаралады. Хазірет Әли (ғ.с.) жарақатынан айықпай, үш күннен кейін шәһид болды.

 Сеффейн соғысынан кейін кейбіреулер хазірет Әли (ғ.с.)-ға қарсы шықты. Олар хаваредждер деп танымал болды. Олар Наһрван соғысында хазірет Әли (ғ.с.)нан жеңілгендер еді. Қашып кеткен хавареджер Меккені  өз әрекеттерінің орталығы  етіп, олардың үшеуі хазірет Әли (ғ.с.), Муавие мен Амру Осты  өлтіруге шешім қабылдады. Сөйтіп, олардың бірі Ибн Молджам Моради хазірет Әли (ғ.с.)-ды өлтіруге міндеттелді.

 Хазірет Әли (ғ.с.) өз өмірінің соңғы Рамазанында  ерекше көңіл-күйге ие болды. Қасиетті Рамазан айының 19-шы күні қарсаңындағы түні  хазірет «Ясин» сүресін оқып болған соң, аспанға қарап: «Бүгінгі түн – маған кездесуге уәде берілген түн»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.) қасиетті Рамазан айының 19-шы жұлдызының таңы білінерден бұрын таң намазын оқу үшін мешітке аттанды. Хазірет Куфе мешітіне кіріп, мешіттің азан айтатын жеріне барып, азан айтып, тәспих пен тәкбир айтып, әдеттегідей мешітте ұйықтап жатқан адамдарды намазға оятып: «Намаз, намаз, Алла сендерге рақым етсін! Тұрыңдар, уәжіп намаздарыңды оқыңдар»,- деді. Ибн Молджам мешіттің бұрышының бірінде ұйықтап жатқандай болды. Хазірет оған: «Ұйқыңнан оян, бұл ұйқы Алланың ызасына себеп болады»,- деді. Содан соң хазірет михрабқа қарай барып, намазға тұрды. Сәждесі ұзаққа созылды. Ибн Молджам мұрсатты пайдаланып, михрабқа жақын тірекке жақындады. Хазірет басын бірінші сәждесінен көтерді. Ибн Молджам екі сәжденің арасында қылышпен хазіреттің басын жарды. Хазірет ибн Молджамның соққысына төзіп: «Алланың атымен және Оның көмегімен Алла елшісінің дініндемін. Қағбаның Алласымен ант етемін, жеңілдедім»,- деді.

 Удың әсері хазіретті қатты әлсіретті. Мешітке халық жиналды.  Имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.) Бани Хашимнің адамдарының көмегімен хазіретті үйге апарды. Қан көп кетіп, хазіреттің жүзі сарғая бастады. Ибн Мүлджамды қолын байлап, имамның қасына әкеледі. Хазірет әлсіздігіне қарамастан рақыммен ибн Мүлджамға: «Маған осындай жасайтындай сен үшін жаман имам болдым ба?»- деп, перзенті имам Хасан (ғ.с.)-ға: «Ұлым! Қамауға түскен адамыңмен ымыраға келіп, оған рақымдылық танты»,- деді. Имам Хасан (ғ.с.): «Әкежан! Ибн Молджам сізді қылышпен ұрып, жүрегімізді ауыртты. Осындай кезде сіз онымен ымыраға келу туралы айтасыз»,- деді. Имам Әли (ғ.с.): «Ұлым! Біз рақымдылық пен кешірімділіктің жанұясымыз. Сондықтан, оған жеп отырған тамағыңнан бер. Егер дүниеден озсам және оған қасас жазасы шығарылса, ол мені қылышпен бір ұрғандай, оны қылышпен басынан бір рет ұрыңдар. Егер тірі қалсам, оған не істейтінімді өзім білемін»,- деді.

            ******************************

 

«Нұр» сүресінің 54-ші аяты:

"قُلْ أَطِیعُوا اللَّهَ وَأَطِیعُوا الرَّسُولَ فَإِن تَوَلَّوا فَإِنَّمَا عَلَیْهِ مَا حُمِّلَ وَعَلَیْکُم مَّا حُمِّلْتُمْ وَإِن تُطِیعُوهُ تَهْتَدُوا وَمَا عَلَی الرَّسُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبِینُ

«(Мұхаммад с.ғ.с.): “Аллаға, Пайғамбарына бағын” де. Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде Пайғамбар өзіне жүктелгенге, сендер өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал, егер Пайғамбарға бой ұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай-ақ, Пайғамбарға ашық түрде жалғастыру ғана міндет».

Тауһид негіздеріне байланысты, Алладан басқаның бұйрықтарына бағыну тек Алла тарапынан рұқсат етілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл аятта Алла Тағала  Өзінен кейін елшісіне бағынуды уәжіп етіп, пайғамбарға оларға егер пайғамбарға бағынбасаңдар,  пайғамбарға зиян келмейді, өйткені ол  өзінің пайғамбарлық міндетін орындауға, ал сендер оған бағынып, дұрыс жолға түсуге міндеттісіңдер деп айтуға бұйырды. Сондықтан, егер оған бағынсаңдар, дұрыс жолға нұсқаласыңдар. Алла елшісінің міндеті – тек үгіт-насихат жүргізу. Егер сендер қарсыласып,  оның пайғамбарлық міндетін теріске шығарсандар, ол зиян көрмейді, өйткені, ол тек насихаттауға міндетті. Аллаға бағыну деген оның сөзіне бағынып, уәһи түрінде пайғамбарға түскен ахкамды орындау. Алайда Алла елшісіне бағыну екіге бөлінеді: біріншіден, кітаптан  басқа Алланың хазіретке уәһи еткен ахкамын орындау. Өйткені, Алланың кітабы баяндаған ахкам шариғат тақырыбына кіреді. Мәселен, намаз, ораза, қажылық, жиһад, зекет, мәміле заңдары мен басқа ғибадаттар толық түрде Құранда ескерілген. Ал намаз, ораза және қажылықты қалай орындау мен басқа тақырыптарды Алланың елшісінен үйрену керек.  Алланың елшісі намазды Алланың уәжіп еткені туралы айтып, бірақ қалай орында керектігіні мен намазға қажет барлық дайындықтар мен барлық ғамалдар мен сөздерді өзінен үйренуге шақырған. Ғибадаттардың егжей-тегжейі Құранда айтылмаған. Сондықтан оның ахкамын Алланың елшісінен үйрену керек. 

          *******************************

 

 Адам  дүниеге келгеннен өлгенге дейін су мен тамақты қажет етеді. Егер, өсімдік сусыз қалса, қурап қалады. Егер, адам сусыз қалса, өлімге ұшырайды. Жер құрлығының 70 пайызын су құрайды. Адамның денесінің де 70 пайызын су құрайды. Денесінің 70 пайызын су құрайтын адам үшін өмір сүрудің ең жақсы шарты 70 пайызын су құрайтын аспен тамақтану деген нәтижеге жетеміз. Денсаулық саласындағы мамандар бал, шырынды жемістер мен көкөніс жеуге кеңес береді. Сұйық тамақтардан басқа ас қою және ауыр саналады. Өйткені, олар пісіру, тазарту  немесе тағы да басқа технологияларды қолдану барысында өзгеріп, өзінің табиғи жағдайын өзгертеді. Жалпы алғанда, табиғи тағамдардың суы көп, ал өңдеуден өткен тағамдар құрғақ немесе олардың суы аз болады. Балда 20 пайыз, тазартылған шекерде 3 пайыз су болса, тазартылған қантта тіпті су болмайды. Бал адамның өміріне пайдалы дәмдердің бірі. Құранның «Наһл» сүресінің 68-69-шы аяттарында: «Раббың араға: “Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұя жасап ал!”, – деп нұсқады. “Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!”. Ара  түрлі-түсті бал шығарады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында, мұнда да ойлайтын қауым үшін ғибрат бар»,- деп айтылған.

Бал  ауызашар мен сәресі үшін өте пайдалы

Сонымен, бал – ауызашар мен сәресі үшін ең жақсы сусын. Әсіресе, Рамазан айының жартысынан кейін ораза тұтушылар  әлсіреп, көбірек азықты қажет ететін кезде бал пайдалы болады. Бал – пайдалы, оңай қорытылатын, табиғи әрі энергиясы мол дәм. Балдың құрамында көмірсулар, ақуыз, майлар мен витаминдер бар. Бір қасық балдың құрамында  60 калория энергия, 11 грамм көмірсу, 0,1 миллиграмм кальций, 0,2 миллиграмм темір, 1 миллиграмм В, 1 миллиграмм С витаминдері бар.

Дәстүрлі медицина маманы Ғұламреза Кордафшари: «Су мен бал асқазанды нығайтып, адамның тәбетін реттейді»,- дейді. Бал жүректің айналасындағы майларды ерітеді. Сондықтан қарттар мен жүрегі ауыратын адамдарға  бал жеуге кеңес берілген. Бал құрамында глюкозасы болғандықтан, жүрек бұлшықетіне маңызды әсер етіп, тамырларды кеңейтіп, қанның қысымын қалыпқа келтіріп, инфарктің алдын алады.