Иранның танымал тартымдылықтары (6)
Иранның батыс өңірлеріне сапардың жалғасында Луристан облысын таныстыруды осы облыстың орталығы Хоррамабад қаласынан бастаймыз.
Алланың атымен бастаймыз!
Иранның батысына сапарда міндетті түрде көруді қажет ететін маңызды да тартымды қалалардың бірі – Хоррамабад. Бұл сарқырамалары және бұлақтарымен танымал өңір. Жап-жасыл тұмса табиғат аясында тарихи қамалдар мен тартымды ауылдар бар. Иранның Луристан облысының орталығы саналатын бұл әдемі қала Хоррамабад өзенінің жанындағы жайлы сайда орналасқан. Хоррамабад – бірнеше мыңжылдық тарихы бар көне қала. Мұнда әралуан өркениеттер, соның ішінде кассилер, вавилондықтар, сасанилер, селжұқтар мен хорезмшахтықтардың өркениеттері көрініс тапқан. Хоррамабад – атауы айтып тұрғандай Иранның шаттыққа толы жап-жасыл қалаларының бірі. Бұл жердің климаты жайлы. Табиғатты жақсы көрсеңіз де, тарихи ескерткіштерді көргіңіз келсе де, бұл қала кез келген талғамға сәйкес тартымдылықтарға ие.
Қалаға кіре салысымен "Фалак ул-Афлак" қамалына бардық. Қаланың салтанатын осы биіктіктен көруге болады. Бұл қамал – Хоррамабад қаласының символы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, "Хуррамувенің" символы. Бұл қамалды қаланың кез келген жерінен көруге болады. "Сепеһр-е Сепеһран" (Аспанның аспаны) мағынасындағы "Фалак ул-Афлак" қамалы – Сасанилер заманындағы ескерткіштердің бірі. Ол әртүрлі билеушілерді көрді. "Мұнаралы дуал" және "Шапур қорғаны" деп те аталатын бұл қамал биік төбенің үстінде орналасқан. Оның төбесінен Хоррамабад қаласы мен өзенді көруге болады. Бір кездері шахтар билік етіп, әскери мақсатта пайдаланылған "Фалак ул-Афлак" қамалында әртүрлі бөліктер бар. Этнографиялық және археологиялық мұражай – осы қамалдың көруге тұрарлық бөліктерінің бірі.
"Фалак ул-Афлак" қамалынан кейін "Кию" көліне барамыз. Бұл көл Хоррамабадтың солтүстік-батысында орналасқан. Ол қаланың ең көп турист баратын тартымды жерлерінің бірі әрі шаттықтың символы. Кию көлі тура осылай аталатын саябақтың ішінде орналасқан. Ол Махмалкуһ бұлақтары мен көлдің астындағы бұлақтардан сумен қамтамасыз етіледі. "Кию" лур диалектісінде "қошқыл" деген мағына береді. Көлдің түбінде әртүрлі өсімдіктер өсетіндіктен су көп болатын қыс маусымында ол қошқыл түске енеді. Көктем мезгілі мен жаздың басында "Кию" көлі қайықпен жүзіп, су спорттары мен қала өнімдерін ұсынатын базарға қолайлы жер болып табылады.
"Кию" көлінен кейін Луристанның төбесіне барамыз. Ол да Хоррамабадтың туристік тартымдылықтарының бірі және түнде көруге тұрарлық. Төбеден үйлер мен автобустардың жарықтарын көруге болады. Түн тыныштығында тыным таба аласыз. Бұл төбе жуырда Иранның батысындағы ең ірі ойын-сауық кешеніне айналады. Онда "Касин" обсерваториясы да орналасатын болады. Жайлы ауа райы мен биік ағаштар адамның рухын көтеріп, балғындық сыйлайды. Түнді тұрғындардың бірінің қонақтар мен жолаушылар үшін өз рәсімі бойынша су сеуіп, сыпырып қойған үйінде өткіземіз.
"Нужиан" сарқырамасы көктем мезгілінде суға толады. Оның суы жоғары бұлақтардан қамтамасыз етіледі. Бұл сарқыраманың атырабында көптеген емдік өсімдіктер өседі. Осы аймақтың тауларында көптеген сарқырамалар немесе жергілікті тұрғындардың айтуынша "тафтар" ағады. Келесі баратын сарқырамамыз "Грит" деп аталады. Гриттің сұлулығы соншалықты, Луристанның ең әдемі жап-жасыл мекені саналады. "Гриттің" басқа аты "Таф" жеті бұлақтан тұрады. Сарқырама емен ағаштары мен долана бұталарының ортасында орналасқан. Оның биіктігі 15 метр. "Нужиан" сарқырамасына қарағанда "Грит" аса биік емес. Бас айналатындай биік те емес, сарқырама деп айта алмайтындай аласа да емес.
"Грит" сарқырамасы немесе жеті бұлақ
Хоррамабадта сарқырамалар саны шынымен-ақ көп. Сырттай қарағанда олардың әрқайсының айрықша ерекшеліктері бар. Иранның танылмаған бірнеше сарқырамасын көруге кеңес береміз.
Апта соңында Хоррамабад тұрғындары Махмалкуһ тауының етегіне барады. Махмалкуһ тауы "Танг-е Шабихун" деген атпен де танымал. Бұл биік таулар Хоррамабадтың солтүстік-шығысында орналасқан. Махмалкуһ тастарын қына басып жатыр. Жаңбыр маусымы басталған кезде күйген қара қыналар көктейді. "Махмалкуһ" әдемі сарқырамасы Хоррамабадтың тартымдылығын арттыра түсті.
"Шураб" орманды саябағы да Хоррамабадтың атырабындағы табиғи саябақтардың бірі. Оны көркейту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұл табиғи саябақ Хоррамабадтан Полдохтарға қарай баратын күре жолдың 25 шақырымында орналасқан. Онда асфальтталған жолдар, сәкілер мен жатын орындар бар. "Шураб" орманды саябағы емен ағаштары мен қоңыржай ауа райына байланысты жыл сайын көктем маусымында көптеген туристерді қабылдайды.
Хоррамабадтың табиғи тартымдылықтарынан кейін көретін архитектуралық ескерткіштерінің бірі – Орталық мешіт. Мешіттің қазіргі ғимараты белгілі бір деңгейде жаңартылған. Мешіттің намаз оқитын залының төбесі мен күмбезі 7 бағананың үстіне қойылған. Ол өз түрінде теңдессіз төртбұрышты ғимарат.
Табиғаттың сұлулықтарын жақсы көретін адамдардың барлығына Иранның басқа әдемі қалалары сияқты Хоррамабадқа сапарды да туристік тізімге енгізуге кеңес береміз.