Имам Хомейнидің мектебінде (39)
Қажылық – адамның Жаратушысымен жақындасып, байланысуы. Қажылық – илаһи білімнің орталығы.
Имам Хомейни намазды барлық илаһи пайғамбарлардың мақсаты және Алланың адам баласына берген сыйы деп біледі. Өйткені намаз – нәпсі үйінен Аллаға қарай сапар, сондықтан намаздың тек сырт көрінісімен шектелмей, оның болмысын түсіну керек.
Құран Кәрімде уахи жеріне сапар және қажылық амалдарын орындау ерекше маңызғы ие болғандықтан, Құран сүрелерінің бірі «Қажылық» деп аталды. Қажылық туралы Құранның басқа да көптеген аяттарында айтылды. Мәселен, «Әл-Имран» сүресінің 96-97-ші аяттарында: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол. Онда ашық белгілер, Ыбырайымның (ғ.с.) орны бар. Сондай-ақ кім оған кірсе, аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зират ету (қажылық қылу) керек. Ал кім қарсы келсе, Алла барлық әлемнен бай»,- деп айтылды.
Бұл аятта Алла Тағала әл-Харам мешітін адамдардың алғашқы ғибадат орны және әлемге тура жол көрсетуші, оған кіргендердің қауіпсіз орны деп санаған. Ислам дінінде жылдың белгілі бір мезгілінде жер шарының түкпір-түкпірінен мұсылмандардың топтары уахи еліне жиналып, үлкен діни, саяси және қоғамдық рәсімдерді орындайды. Бұл рәсім қажылар үшін көптеген рухани жемістермен қатар Құбыланың қасына жиналған мұсылмандардың бірлігі мен ынтымақтастығының және ислам әлеміндегі саяси қуат пен беделдің бір көрінісі болып табылады.
Имам Хомейни Құран Кәрімнің және ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) және Әһли Бәйттің (ғ.с.) қажылық әдет-ғұрыптары мен рәсімдеріне үлкен мән бергенін ескере отырып, қажылық мәселесіне және оның рухани, саяси және әлеуметтік мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Имам әрқашан бұл парыздың үш маңызды тұрғысын атап өтті.
Біріншіден, қажылықтың мұсылмандардың шынайылығы мен руханилығын арттырудағы рөлі және оның қажылардың өзін-өзі жетілдірудегі орасан зор мүмкіндіктері. Екіншіден, қажылықтың мұсылмандар арасында бірлік пен жанашырлықты орнату мен нығайтудағы және Ислам әлемінің жауларға қарсы құдыретін күшейті рөлі. Үшіншіден, қажылықтың ислам елдерінің мәселелерін шешудегі дүниежүзіндегі өзара әрекеттесу мен ақпарат пен пікір алмасудағы рөлі Имам Хомейни қажылық рәсімдерін мұсылмандар мен Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) және басқа да ұлы илаһи пайғамбарлар, әсіресе хазірет Ибраһим мен хазірет Исмаил жүректерінің жақындатушы деп санап, мұсылмандарды қажылық философиясы туралы ой жүгіртуге шақырды. Осы орайда ол былай дейді: «Жыл сайын миллиондаған мұсылмандар Меккеге барып, Пайғамбар (с.ғ.с.), Ибраһим, Исмаил және Хажардың жолымен өтеді. Бірақ өзінен «хазірет Ибраһим мен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) кім болды? Олар не істеді? Олардың мақсаты қандай болды? «Олар бізден не талап етті?» деп сұрайтын ешкім жоқ.
Имам Хомейни бұл сұрақтарға жауаптарын түсіндіре отырып, қажылықты үйімнен ақиқатқа хижрат ету және адам мен үй иесі, яғни Алла арасындағы байланыстың нүктесі деп санап: «Қажылық парызы – хақ пен шындыққа қарай хиджратты қабылдау»,- деді. Қасиетті Алла үйінің қажылары дүние үйінен Алла үйіне және Алла Елшісіне қарай хиджрат етеді («Сахифа», 20-том, 89-88-беттер). Немесе басқа жерде қажылықты ұжымдық ғибадат және Қыбыланы зиярат ету туризм дейтіндерді сынап: «Кейбір надандар қажылықты тек ұжымдық ғибадат және қажылық және Қыбла мен Мәдинаны зиярат ету туризмі дейді. Негізінде қажылық – адамның Жаратушысымен жақындасып, байланысуы. Қажылық – илаһи білімнің орталығы.Қажылық – жай ғана қозғалыс, іс-әрекет, сөз емес. Аллаға сөзбен, құрғақ қимылмен жету мүмкін емес»,- деді. («Сахифа», 21-том, 77-76-беттер).
.
Имам Хомейнидің пікірінше, тағутқа қарсы мұсылмандардың бірлігін нығайту қажылық философиясының тағы бір тұрғысы болып табылады. Осыған орай имам Хомейни: «Бұл қасиетті және маңызды уахи орнында әлемнің түкпір-түкпірінен қауымның жиналуының маңызды философияларының бірі – әлем мұсылмандарын біріктіру және Ислам діні мен қасиетті Құран жақтастарының арасындағы бірлікті нығайту»,- деді. Имам Хомейни қажылықтың әлеуметтік және саяси өлшеміне, әсіресе мұсылмандардың бірлігін нығайтуға мән бергендіктен, ирандық қажыларды әрдайым бірлікке шақырды. Имам ирандық қажыларға: «Ирандық қажылар қажылық және умра рәсімдерінің дүниежүзіндегі мұсылмандардың ең үлкен бас қосуы және мұсылман бірлігінің ең әдемі көрінісі екенін білуі керек. Сондықтан дұрыс жоспарлау және парасаты арқылы олар өздерінің ынтымақтастығын көрсетіп, осылайша бір-біріне достық және сүйіспеншілікпен қарауы керек, сондай-ақ қастандықтардан сақ болуды ескертті.
Имам Хомейни үлкен қажылық кезіндегі мұсылмандардың өзара әрекеттесуі мен пікір алмасуын қажылық философиясының үшінші тұрғысы деп білді. Және олар мұсылмандар қажылық кезінде мұсылмандар мен ислам әлемінің мәселелерін бірге шешу туралы ойлануы керек деп есептеді. Қажылық – ислам әлеміндегі ең үлкен құрылтайлардың бірі. Қажылық әлемнің құрметті қажыларын жинап, Исламның мүдделері мен мұсылмандардың мәселелері жөнінде пікір алмасып, проблемаларды шешуде және Исламның қасиетті мұратына жету жолында қажетті шешімдер қабылдап, барлық исламдық тайпаларды біріктіру жолдарын қарастырады. Ол саяси өлшемді қажылық философиясының маңызды өлшемдерінің бірі және оның баламасы, басқаша айтқанда, ғибадаттың бірдей өлшемі деп санап: «Қажылықтың маңызды философияларының бірі оның саяси өлшемі, ал саяси өлшемі діни өлшемнен кем емес. Саяси өлшем, саясатымен бірге, ғибадаттың өзі»,- деді. Ол ислам қоғамдарының үлкен мәселесі илаһи үкімдер философиясын, оның ішінде қажылық парызын түсінбеу деп санады. Имам Хомейни бұл жағдайды сынай келе: «Қажылық – илаһи білімнің орталығы, одан исламдық саясаттың мазмұнын іздеу керек. Қажылық – монотеистік өмірді ұйымдастыру. Қажылық әркімге пайдалы болатын Құран сияқты. Жансыз, әрекетсіз, мүшіріктер пен күпірліктен алыстау рәсіміз және бірліксіз қажылық қажылық емес»,- деп мәлімдеді.
Имам Хомейни мүшріктерден алыстау рәсімді өткізуді қажылықтың саяси және әлеуметтік тұрғыларының маңызды мысалдарының бірі деп санады. Имамның пікірінше, бұл үлкен және біртұтас қауым мұсылмандардың мүшріктерге жиіркеніш білдіру арқылы көптеген мәселелерді шеше алады. Бұл кісі: «Бүгінде мұсылмандардың бірінші құбыласы Израильдің қолында. Израиль Таяу Шығыста орналасқан қатерді ісік безі. Сионистік режим палестиналық және ливандық бауырларымызды бар күшімен өлтіріп жатыр. Бүгін Африка мұсылмандарының дауысы қатты шығуда. Қажылық философиясы езілгендердің айқайына жауап беруі керек. Алланың үйіне тәуеп етіу – Алладан басқаны қабылдамаудың көрінісі»,- деп баса айтты.