Маусым 26, 2022 15:18 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (45)

Жаратылыс жүйесі мен оны басқаратын заңдар таңғажайып тәртіпке ие, Алла Тағала аспан мен жерді және барлық жаратылыстарды жаратуда тәртіпті қолданған.

 

Адам өмірі - оның ең үлкен байлығы. Ол ағын су сияқты жылдам өтеді. Уақытты тиімді пайдалану үшін инвестицияны дұрыс пайдалану адам баласына бақытты болашақ әкеле алады, әйтпесе адам баласына шығын мен жойылудан басқа ештеңе қалмайды. Ислам діні бойынша өмірдің құндылығы оның адам баласына қаншалықты жақын болғанына байланысты. Басқаша айтқанда, адамды Аллаға жақындататын кез келген нәрсе уақыт пен өмірді құнды етеді және оған бақыт әкеледі.  Хазірет Әли (ғ.с.): «Раббыңа мойынсұнушылық пен құлдықпен өткізсең, өмірің бақыт пен берекенің махыры болып табылады»,- деген. Басқа бір сөзінде хазірет Әли (ғ.с.): «Сіздің уақытыңыз өміріңіздің бір бөлігі екені сөзсіз. Сондықтан уақытты құтқаратын нәрсеге жұмсауыңыз керек»,- деді.

Уақытқа құнды байлық ретінде мән берудің әсерінің бірі - істерде тәртіп орнату. Жаратылыс жүйесі мен оны басқаратын заңдар таңғажайып тәртіпке ие, Алла Тағала аспан мен жерді және барлық жаратылыстарды жаратуда тәртіпті қолданған. Осылайша ол ғаламның барлық құрамдас бөліктері мен болмыстарды үйлесімді етіп жаратқан. Ғылыми теорияларға сәйкес, тәртіпсіздік адамның санасын бұзады. Әрекеттердің тиімділігін төмендету табысқа жету жолын ұзақ және қиын етеді. Исламның діни ілімдерінде уақыттың маңыздылығы ретінде тәртіп өте жоғары деңгейде ұсынылған.

Имам Хомейни (р.а.) - оны білетін және онымен бірге саяхаттаған адамдардың пікірі бойынша, ол имам тәртіпті сақтаудың және мүмкіндіктерді пайдаланудың ерекше және керемет үлгісі ретінде танымал болды. Хамид Рухани бұл мәселеге имам Хомейнидің өмірінен арнайы әңгімелер кітабында сілтеме жасап, имамның ұқыптылығы мен тәртібі соншалық, қызметкерлер мен имамның айналасындағылар оның мінез-құлқын бақылай отырып, күннің қай мезгілі екенін түсінетініне  назар аудыртып: «Наджафтағы имам үйінің қызметкерлері қозғалысынан, демалуынан, ұйқысынан, оянуынан, отыруынан және тұруынан күннің қай мезгілі екенін түсінді»,- деді. Имам Хомейни  тәртәп пен уақытты бағалауымен ғана шектеліп қойған жоқ, басқаларды да уақытты қадірлеуге үйретті. Имамның кеңсесінің мүшесі Хасан Салими: «Бір күні имам звондап кранның ағып жатқанын айтты, ертең таңертең сағат сегізде барып жөндейтін болдым. Келесі күні сағат сегізден бес минут кеткенде, имамның бөлмесіне бардым. Кіріп краның жөндеуге рұқсат сұрадым. Имам рұқсат  бермеді және: «Мен сағат сегізде кел дедім, бүгін қайта бер, ертең сағат сегізді кел»,- деді»,- деп есіне алатын.

Имам Хомейнидің тәртіптілігі оның жетекшілігімен ғана байланысты емес, ол жас кезінен-ақ өзінің тәртіптілігімен танылды. Фариде Мостафави имамның тәртібі туралы: «Имам  тәртіпке  ерекше мән берген. Бұл кісінің жұмысы белгілі бір сағаттарда орындалды. Яғни, белгілі бір уақытта тамақтануға, белгілі бір уақытта ұйықтауға және белгілі бір уақытта тұруға өте мұқият болды. Егер жұмысы  болса немесе біреумен кездескісі келсе, уақытылы орындайтын. Имамның табысқа жетуінің бір сыры – ол барлық істе тәртіпті болып, жас кезінен тазалығымен, тәртіптілігімен көзге түскен. Имам тәртіпті болғаны сонша, түскі асқа белгілі бір уақытта келетін,  сондықтан бес минут кешігіп қалса, үйдегілердің бәрі уайымдайтын еді»,- деді. Имамның үйінің күзетшілерінің бірі имамның бұйрығына қатысты қызықты бір жайтқа назар аударады: «Имамның барлық бағдарламалары белгілі бір уақытта орындалды. Ол Құмда болған кезде, қаланың дүкеншілері сағаттарын имамның өтуіне қарап тексеретін. Мысалы, имам дүкеннің алдынан сағат бесте өтсе, күн сайын бір уақытта өтетін.  

Имам Хомейни сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастырумен және сабаққа уақытында қатысумен қатар, үнемі тәртіпсіз студенттерге табысқа жету үшін олардың іс-әрекеттерінде тәртіп орнату керек деп кеңес берді. Осыған байланысты Сейед Хамид Рухани: «Кейде оқушылар ерте ме, кеш пе, сабаққа ретсіз келіп, өмірде тәртіпсіздікке ұшыраған кезде имам қиналып, шәкірттеріне ақыл-кенес беретін»,- деген. Шәкірттерінің бірі Аятолла Нури Хамедани де сабаққа уақытында баруды имам Хомейнидің ерекшеліктерінің бірі деп санайды. Ол: «Имамның тағы бір ерекшелігі – оның сабаққа қатты көңіл бөлетіндігі сонша, өзі де үнемі уақытында болатын, бір минут болса да кешіктірмейтін»,- деді. Ходжатолеслам Ғаюри де оқу бағдарламаларындағы тәртіп пен байыптылықты имамның ерекшеліктерінің бірі деп атап: «Имамның ең маңызды қасиеті тәртіптілігі болды. Оқу кезінде ол кісідей салмақты, ұқыпты ешкімді көрмедім. Сабаққа еш уақытта дайындықсыз келмейтін. Сабағы өте пайдалы болды. Мысалы, имам Құмдағы Салмаси мешітінде төрт жарым жылға созылған Усул сабағын жүргізді. Осы аралықта жылдағы демалыс күндерін есептемегенде, бұл кісі тек екі күн ғана сабаққа келмеді. Оның бірінде науқас болды»,- деп есіне алатын.

Имам Хомейни жұмысындағы тәртіптің арқасында барлық істеріне үлгерді және өзінің айтуынша, уақыты берекелі болды. Имамның жақын туысы Захра Мостафави имамның бәрін уақытында жасағанын және күнделікті жұмыстарының кестесін бұзуға жол бермегеніне назар аудартып: «Имам  менің демалыс күндері жұмыс істегенімді көріп,  «сіз ешқайда жете алмайсыз, өйткені көңіл көтеру кезінде көңіл көтеру керек» деді. Имам менің балаларыма «бос уақытымның бір сағатын оқуға арнамадым, сондай-ақ оқуымның бір сағаттын бос уақытқа жұмсамадым» дейтін. Сонымен бірге менің ұлыма «көңіл көтеру керек, ол болмаса, өзіңді оқуға дайындай алмайсын» деп ақыл айтатын»,- деді. Имамның немерелерінің бірі Отефи Ашрафи де: «Имам бос уақытта сабақ оқымау керек, оқу уақытында көңіл көтермеу керектігін үнемі айтып отыратын. «Әрқайсысы өз орнында. Бала кезімде бұл екеуінің сағатын ауыстырғаным есімде жоқ, өйткені бұл екеуі бір-біріне керек» деген»,- деп айтты.