Қар 13, 2023 21:43 Asia/Almaty
  • Палестина – ислам үмбетінің басты мәселесі (12)

Дэвид Бен-Гурионның 1948 жылы Палестинадағы ағылшын протекторатының соңғы күні Америка мен Англия сияқты елдердің еш ойланбастан қолдауымен заңсыз Израиль мемлекетінің құрылғанын жариялағанына 75 жыл болды.

 

Өткен үш ширек ғасырда сионистердің Палестина халқына қарсы жасаған қылмыстары ең ұзақ және ең қайғылы адами трагедиясының бірі болды. Осы күндері сионизмнің езгіге ұшыраған Палестина халқына  жасап отырған зұлымдығы дүние жүзіндегі мұсылмандардың және дүниедегі азат адамдардың жүректерін жаралады.  Әу бастан сионистік режимнің құрылуы осы жердің негізгі тұрғындары болған  палестиналықтарды өлтіру, террор және  жер аударумен қатар жүрді.

Израильдің заңсыз режимінің құрылғаны жарияланған күннен бастап, яғни 1948 жылы 15 мамырда американдықтар мен ағылшындардың бақылауында және жаттықтыруында болған Хагана бастаған еврей лаңкестік топтары Палестина қалаларына және ауылдар ауқымды аяусыз шабуылдарын бастады.

Қолда бар статистикаға сәйкес, бірнеше күннің ішінде 400-ден 600-ге дейін палестиналық ауыл толығымен жойылып, 700 мыңнан астам палестиналық, сол кездегі Палестина халқының жартысына жуығы үйлерін тастап, Иордания, Египет, Ливан және Сирия сияқты көрші елдерге қоныстанды. Одан кейінгі жылдары статистика 1300 қираған қалалар мен ауылдар мен 6 миллионнан астам босқындар туралы қорқынышты көрсеткішке жетті.  Бұл босқындар ата-бабасының жеріне оралатын күнді әлі күтіп жүр.

  Палестиналық босқындар

Палестинада сионистік басқыншылықтың басталуымен бір мезгілде араб елдерінің әскерлері мен ерікті жасақтары басқыншыларға қарсы күресіп, Палестина халқына көмектесу үшін осы жердің шекараларына келді.  Олар 1948 жылдың мамырынан 1973 жылдың қазан айына дейін олар 1948-1949 / 1956 / 1967 / және 1973 жылдары сионистік режиммен бірнеше рет соғысты. Бірақ бұл соғыстардың ешқайсысы Палестина халқына көп пайда әкелмеді. Сионистік режим Америка мен Батыстың қолдауына ие болып, әр кезеңде айтарлықтай көп араб халқы мен әскерін өлтірумен бірге Палестина жерінің тағы бір бөлігін басып алып, басып алған жерлерін кеңейтті. Тек 2006 жылы және одан кейінірек "33 күндік соғыс" деп танымал болған соғыста бұл режим Ливандағы Хезболламен соғысып, Палестина жерінің аз ғана бөлігін де басып ала алмады  және шегінуге мәжбүр болды.

1967 жылы маусымда орын алған 6 күндік соғыс  Египет, Сирия және Иордания әскерлері мен  басқыншы режим арасында болған ең әйгілі араб-сионистік соғыс болғанды.  15-25 мыңға дейін араб әскері өлтірілген соғыс пен жеңістен кейін сионистер Мысырдан Газа секторы мен Синай шөлін, Иорданиядан Шығыс Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауын, Сириядан Голан жоталарын басып алды.

 

  Түрлі кезеңдерде сионистердің Палестина жерін басып алу процесі 

 

Палестина ауылдары мен елді мекендерін басып алу, олардың тұрғындарын қуу, қирату және палестиналықтарды жаппай өлтіру, өз отанына оралу құқығынан айыру, палестиналықтардың жерлерін еврейлендіру бұл режимнің құрылғаннан бері осы уақытқа дейінгі талпыныстарының бірі болды. 1948 жылы сионистердің Дейр Ясин, Аль-Тантура және Аль-Давайме ауылдарын қырып салды. Сионистік лаңкестік жасақтар осы ауылдар мен басқа да көптеген палестиналық ауылдарда қандай қылмыстарды жасамады? Әйелдерді зорлау және жүкті әйелдердің қарының жару, мәйіттерді өртеу сынды әрекеттер қатыгездігі жағынан ешбір лаңкестік топтың әрекетімен салыстыруға келмейтін қылмыстар.

Сионистік режимнің алғашқы онжылдығында орын алған тағы бір ұйымдасқан және қорқынышты қылмысы Кафр Қасым ауылына қатысты. Сионистік режимнің лаңкестік жасақтары Кафр Қасым ауылына шабуыл жасап, кешкі уақытта осы ауылдың жазықсыз ер-азаматтары, әйелдері мен балаларын үйлеріне қайтып келе жатқанда атып тастаған қылмыс.

1956 жылы Мысырдың сионистікке қарсы қарқынды әрекеттерінен кейін және Англия және Франциямен ашық ынтымақтастықта сионистік режим Мысырға ортақ басып кіру жоспарын дайындады. Сонымен бірге сионистік режимнің шекара қызметі алдын ала ескертусіз палестиналық 6 ауылда бақылау бекеттерін орнатты.  Тулкармның оңтүстігінде және басып алынған Палестина мен Иордан өзенінің батыс жағалауы арасындағы жасыл сызық аймағында орналасқан Кафр Қасым ауылында да әскери жағдай жарияланды. Қысқа жиналыста израильдік майор Шмуэль Малинки өз адамдарына үйіне кешкі сағат 5-тен кейін келген кез келген палестиналық азаматты өлтіруді бұйырды. Бұл Кафр Қасым ауылының тұрғындары сионистік әскери үкімет енгізген кешкі сағат 17.00-ден кейін көлік қозғалысына тыйым салудан мүлде хабарсыз әскери жағдайының басталуына небәрі 30 минут қалғанда хабарланып, ол үшін күн батқанда үйлеріне қайтып келе жатқан ауыл тұрғындарына әскери жағдайының орнатылғаны туралы хабарды жеткізу мүмкін болмады. Нәтижесінде, жұмыстан топ-тобымен немесе жалғыз қайтып келе жатқан бейхабар ауыл тұрғындарын сионистік сарбаздар әскери үкімет заңдарын бұзғаны үшін толығымен қатыгездікпен атып өлтірді! Статистика мен есептер сионистердің сағат 17:00-18:00 аралығында 49 ауыл тұрғының, оның ішінде 29 әйел мен бала, оның ішінде жүкті әйелді атып тастағанын көрсетеді.

  

  Кафр Қасым ауылының шәһидтерінің суреттері

 

Қолда бар құжаттар мен хабарларға қарағанда, сионистік режим сарбаздары басшыларының бұйрығы бойынша алдымен ауыл тұрғындарынан   "Кафр Қасымнан ба, жоқ па?" деп сұраған.  Сол ауылдан болса, бейхабар ауыл тұрғындарын әскери жағдайын бұзғандары үшін сол жерде атып тастаған!

Оқиға орнында болған палестиналық куәгерлердің бірі Әбу Уәлид былай дейді: «Бұл күн біз үшін кез келген қарапайым күн сияқты болды. Менің немере ағаларым екеуміз үйге велосипедпен қайтып келе жатқанымызда, сионистік күштердің бақылау бекеті бізді тоқтатты.  Мен біртүрлі ештеңе сезбедім, қасымызға бір солдат келіп: "Қай жақтансыңдар?"- деп сұрады. Мен: «Кәфр Қасым ауылынан",- дедім, содан кейін оған өтуге рұқсатты көрсеттім. Ол: " Велосипедтеріңді осында қалдырып, маған еріңдер",- деп,  бізді сапқа тұрғызды. Содан кейін олардың командирі иврит тілінде "ат" деп айқайлады. Бірнеше оқ менің бүйірім мен аяғыма тиді. Біраз уақыттан кейін сарбаздар мәйіттерді жинауға келді. Кеудемде демімді басып, өлгендей болуға тырыстым. Осыдан кейін бірінің үстіне бірі үйіліп жатқан өлілердің арасынан кеттім. Мен ақырын зәйтүн ағашының басына шықтым. Сол жерден немере ағаларым мен достарым мен туыстарымның көз алдымда қалай өлтірілгенін көрдім. Сол жерден мен сионистердің 14 әйел мен 3 ер адам мінген жүк көлігін қалай тоқтатқанын, әйелдердің жалынуларына, айғайларына мән бермей, барлығын атып тастағанын көрдім. Тек бір әйел аман қалды".

Кафр Ғасем ауылының тұрғындарының атылуымен тұспа-тұс сионистік әскер Мысырдың Харк қаласына кірді, Суэц дағдарысы осылай басталды.

 

 

Тегтер