Нау 10, 2019 14:03 Asia/Almaty
  • Имам Һади (ғ.с.) – мұсылмандарды тура жолға нұсқаушы

Исламның ұлық пайғамбары ұрпағынан шыққан имам Һадидің (ғ.с.) шәһид болған күніне орай әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.

Бүгін – ережеп айының үшінші жұлдызы. Бұл күні жер Исламның ұлық пайғамбары әулетінен шыққан тағы бір пәк адамды өз қойнына алу үшін ашылып, бұл дүниеден артық әлемге, әулиелер мен пайғамбарлардың қасына жеткізуге уәде береді.  

 

Имам Һади (ғ.с.) хиджри күнтізбесі бойынша 220 жылы әкесі шәһид болған соң жеті жасында  мұсылмандарды басқару міндетін  мойнына алып, 33 жыл бойы Ислам үмбетін басқарып, оларды дұрыс жолға нұсқады. Имам 13 жыл Мединеде болды. Содан соң Мотаваккел Аббасидің бұйрығымен Бағдадқа аттандырылып, уландыру салдарынан шәһид болғанға дейінгі өмірінің соңғы жиырма жылын Бағдадта өткізді. Бұл кезеңнің бір бөлігін абақтыда азап-қорлық көріп, бір бөлігін отбасы ортасында өткізді. Имам үнемі бақылауда болып, жиырма жыл бойы Аббаси әулетінің зорлық-зомбылығына ұшырады. көрді.

"Һади" – имам Әли ән-Нақидің (ғ.с.) лақап аты. Бұл лақап теңдессіз тұлғаға халықты дұрыс жолға нұсқап, мұсылмандарды бұрмаланған жолға түсірмеу үшін көп талпыныс жасап, Исламның шынайы негіздерін қорғағаны үшін берілді.

Имамат негіздерінің бірі адамзатты адастыратын жолдардан құтқарған имамның білімі болды. Имам Һадидің (ғ.с.) ғылыми болмысы имаматынан бұрын, яғни, бала кезден қалыптасқан болатын. Ғылыми пікірталастарға қатысу, наным-сенімге қатысты күдік-күмәндарға жауап беруі мен танымал шәкірттерін тәрбиелеуі имамның ғылыми жоғары деңгейін көрсетеді. Ол бала кезінен ғалымдардың көбі шеше алмаған фикх ғылымының күрделі мәселелерін шешетін. Дұшпан имамның ғылыми деңгейіне нұқсан келтіру үшін ғылыми пікірталастар өткізгенімен мақсатына жеткен жоқ.

Имам Һади (ғ.с.) қоғамдық және саяси салаларда да өзінің ерекшеліктерін пайдаланып, басшылардың зұлымдығына қарсы тұрып, адамдарды өзіне тартып, дұрыс жолға нұсқады. Шиіттердің тоғызыншы имамы хазірет Әли ән-Нақи имамат міндетін мойнына бұрынғы уақытпен салыстырғанда қысым күшейген жағдайда алды. Хазірет мәдени жұмыстарымен де еркін айналыса алмады. Бірақ, қысымдарға қарамастан сенімге қатысты дүдәмалдарға жауап беріп, Һадис пен фикх саласында белсенді жұмыс жасап, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Имамнан қалған жауаптары мен фикх мәселелерінің шешімдері хазіреттің терең білімін көрсетеді. Имам Һадидің (ғ.с.) шәкірттерінің ішінен Аюб бен Нухты, Осман бен Саид Аһвази мен Рей қаласында жерленген Абдолазим Хасаниді атауға болады. Олардың кейбіреуі ғылыми және фикх саласындағы маңызды еңбектердің авторлары.

Имам Һадидің (ғ.с.) айбынын дос пен дұшпан мойындады. Бұл мойындауларға имамның ахлағы мен ғылыми деңгейі себеп болды. Ибн Шуһр Ашуб бұл туралы: «Имам Һади (ғ.с.) ең адал және ең кішіпейіл адам болды. Хазіретті жақыннан көрген адам ең мейірімді қатынасты көргендей, даусын естігіне адам ең кемел адамның даусын естігендей болатын. Қасында үнсіздік танытып немесе сөз сөйлеген кезде хазіреттің айбыны сезілетін. Имам Һади (ғ.с.) ресалат пен имаматтың ұрпағынан болды»,- деп жазды.

Имам Һадидің (ғ.с.) сөздеріндегі маңызды тағылымдарының бірі мәңгілік дүние мен дүниенің адамдардың бақытты болуындағы факторына назар аудартуы болды. Имам Һади (ғ.с.) дүниені бір топ пайда, екінші топ зиян көретін базар ретінде таныстырды. Имамның көзқарасы бойынша, дүние мен оның ләззаттары адамды өзіне еліктіріп, тартады. Дүниелік ләззаттарға тәуелді болу адамның қателіктерге ұрынып, күнә жасауына себеп болады. Дүниелік ләззаттарға шырмалу адамдарға зиян тигізеді. Дүниедегі материалдық нарықтардың пайдасы мен зияны көптеген факторлармен байланысты. Кейбіреулер дүниені өтпелі мекен санап, бұл дүниеде ақырет үшін қор жинауға талпынады. Бұл адамдар дүние нарығында Пайғамбар мен хазіретң әулетінің әдістерін үлгі тұтып, Аллаға құлшылық ету жолына түсіп, шындық пен әділет жолында талпыныс жасайды.  Мұндай адамдар дүние мен ақыретте бақытты болып, ақыретте пайда көреді.

Бірақ, дүниені тұрақты санап, нәпсілері шайтанға бағынатындар дүниенің сыртқы жылтырақтарына қызығып, жасаған күнәларынан зардап шегіп, ақыретте илаһи азапқа душар болады.

Имам Һадидің (ғ.с.) бір хадисінде: «Алла Тағала дүниені сынақ пен қиындықтар мекені, ақыретті соңғы сарай ретінде қалыптастырды. Дүниедегі сынақтар мен оқиғалар ақыреттегі сыйлар мен сауапқа себеп болады»,- деді. Осы хадиске сәйкес, дүние – адам сынақтан өтетін мекен. Сынақтар адамның дамып, кемелдікке жетіп, Жаратушыға жақындауы үшін беріледі. Бұл дүниедегі қиындықтар мен сынақтардың кемел сыйы адамдарға ақыретте жетеді. Дүние адамдардың сынақтары аясында дамиды. Исламдық дүниетаным бойынша, мәңгілік әлем бұл дүниеден кейін орнайды. Адамның о дүниедегі бақыты мен бақытсыздығы – оның бұл дүниедегі жақсылықтары мен жамандықтарының нәтижесі мен салдары.

Илаһи дүниетаным бойынша, Алла Тағала – әділ. Сондықтан сынақтардан абыроймен өткен және көптеген қиындықтарға қарамастан тура жолға түскен адамдар сауап пен илаһи сыйларға ие болып, ақыреттің шексіз нығметін пайдаланады. Имамның қисыны бойынша, ешбір дүниелік қиындық әсерсіз болмайды. Адамның ойламаған жерде сынақтан өтіп, шындық жолында табандылық таныту адамның кемелдікке жетуі мен ақыреттегі сауабына себеп болады. Имам Һади (ғ.с.) өмірде сәтсіздікке ұшыраған адам үшін дұрыс шешім қабылдауды ең жақсы жол деп атап: «Бұрынғы сәтсіздіктерді уайымдаудың орнына шешім қабылдап, ерік-жігермен орнын толтыр»,- деген болатын.

 

 

Тегтер