Ақп 27, 2020 09:26 Asia/Almaty
  • Имам Хадидің (ғ.с.) шәһид болған күні

Режеп айының үшінші жұлдызы - Исламның ұлық пайғамбары ұрпағының бірі имам Хадидың (ғ.с.) шәһид болған күні.

 

Имам Хади (ғ.с.) – имам Мұхаммад Тақидің (ғ.с.) перзенті. Есімі – Әли. «Хади» және «Нақи» деген лақап аттары.  Имам Әли ән-Нақи (ғ.с.) әкесі имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.) шәһид болған соң имаматтың міндетін өз  мойнына алды. Бұл кезде имам Нақи (ғ.с.) (имам Хади) сегіз жас бес айдағы  бала еді. Имам Хади (ғ.с.) әкесі сынды бала кезінде имамат міндетін өз мойнына алып, 33 жыл мұсылмандардың басшысы болды.

Пәк имамдардың ерекшеліктеріне ілімі, күнәдән пәк болуы мен ерекше ахлақтары, сонымен қатар өз заманының адамдарынан артық болуы жатады.  Бұл ерекшеліктердің барлығы имам Хадидің (ғ.с.) болмысында қалыптасқан еді. Ғылым мен білімге ие болу – кемелдікке жетудің ең маңызды жолдарының бірі. Имам Хадидің (ғ.с.) пікірінше, адами жоғары мақсаттарға жету үшін адамдар білім жолына түсуі керек. Имам  Хади (ғ.с.): «Ғалым мен оқушы – екеуі де даму жолында серіктес», - деп айтқан болатын. Имам Хади (ғ.с.) ғалымдар мен ойшылдарды жер бетіндегі нұр мен хабардарлықтың бұлағы деп санайтын.

Құран Кәрімнің әйгілі тәпсіршісі аятолла Джавади Амоли имам Хади (ғ.с.) туралы: «Тек Құран  Кәрім Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне сай. Имам хадидің (ғ.с.) қасиетті болмысы имамат пен велаятты тәпсір етті. «Джомее Кабире» зиаратында имаматқа тәпсір жасалған, яғни Құран тәпсірді қажет етеді. Имамат та тәпсірді қажет етеді. Пәк имамдардың әр біреуі Құранның бір немесе бірнеше аятын тәпсір етті. Бірақ имам Хади (ғ.с.) бүкіл Құранды тәпсір етті, өйткені Пайғамбар әулеті мен Құран бір-біріне тең»,- деді.

Имам Хади (ғ.с.) имаматы Аббасилердің алты халифасының билігімен  тұспа-тұс келді. Олар имам Хадимен (ғ.с.) әртүрлі қатынас орнатты. Кейбіреулері дұшпандық, басқалары ұстамдылық білдірді. Бірақ, олардың барлығы халифатты тартып алып, имамдардың құқықтарына немқұрайдылық таныту бойынша ұқсас болды.  Аббасилер халифаларының арасында Моттавакел басқаларынан көбірек Исламның ұлық пайғамбары мен имамдардың әулеті және танымал алавилерге дұшпандық білдіріп, кез келген мүмкіндікті оларды қорлау үшін пайдаланды.  Ол тіпті пайғамбар әулетінің дүниеден озғандарына да кек білдіріп, пәк  имамдардың, әсіресе имам Хусейннің (ғ.с.) қабірі мен оның қасындағы үйлерді қиратып, Кербала жеріне егін екті.  Моттавакел имам Хадидің (ғ.с.) Мединеде қалуына алаңдады. Имамның саяси жұмыстармен айналысу ықтималы оны тыныштықтан айырды.

Имам Хадидің (ғ.с.) имамат міндетін мойнына бұрынғы уақытпен салыстырғанда қысым күшейген жағдайда алды. Моттавакел   имамды Мединеден Самерраға жер аударуға шешім қабылдады. Имам Хади (ғ.с.) Самеррада тұтқында өмір сүрді. Самерра әскери қала және кейбір Аббаси халифаларының астанасы болды. Имам сол қалаға ауыстырылып, хазіреттің қарым-қатынасы халифаның бақылауында болды. Мотавакел имамның ғылыми деңгейіне нұқсан келтіру үшін ғылыми пікірталастар өткізгенімен, бала кезінен ғалымдардың көбі шеше алмаған фикх ғылымының күрделі мәселелерін шешкен имам Хади (ғ.с ) әртүрлі салалардағы сұрақтарға анық әрі нақты жауап беріп, бұл пікірталастарға қатысушылар хазіреттің имаматын мойындайтын.

Имам Хади (ғ.с.) имамат міндетін Бағдатта көтерілістер орын алып, әртүрлі қозғалыстар  құрылған кезде атқарды. Көтереліске қатысушылардың көбі алавилер болып, олар билік Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің құқығы деп санады. Имам жасырын түрде хаттар арқылы олармен қатынас орнатып, олардың әртүрлі саяси, наным-сенім және қаржы мәселелерін шешуге қатысты. Бұл қозғалыс шиіттер мазхабының таралуына әкеліп, «жұмсақ соғыс» саналды. Имам мен халықтың арасында қатынас жасаған имамның уәкілдері имам Реза (ғ.с.) және кейін имам Джавад (ғ.с.) мен имам Хади (ғ.с.) арқылы  жұмыс жасап, имам мен шиіттердің қатынастарын реттеу міндетті атқарды. Олар хомс жинап, имамға (ғ.с.) жіберулерімен бірге келесі имамның имамты үшін маңызды рөл атқарды. Сөйтіп имамат пен велаяттың орының бекіту, ғалымдарды таныстыру мен ғайып кезеңі үшін шиіттерой-пікірін дайындау имам Хадидің (ғ.с.) уақытындағы негізгі әрекететрдің бірі болды. Өйткені шиіттер бірте-бірте ғайып заманына жақындап, яғни пәк имамын (ғ.с.) көрмейтін жағдайға дайындалды. Имам Хади (ғ.с.) ғайып кезеңінің жақындағаны жөнінде айтып, имам Мәһдидің (ғ.с.) жасырын дүниеге келгеніне назар аудартып, әрқашан  ғайып болу шиіттердің күдік-күмәндеріне себеп болу мүмкіндігін ескертті. Имам Хади (ғ.с.) өз кезіндегі залым басшылармен бітімге келмеді, сондықтан олар имамды өз билігі үшін қатер деп сезінді. Осыған орай Алланың нұрын өшіру туралы ойластырды. Сондықтан имам Хади (ғ.с.) аталары сынды уландырылды. Имам Хадидің (ғ.с.) қасиетті кесенесі Самерра қаласында орналасып, Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті жақтастарының панажайына айналды.

Самерра қаласы: имам Хади (ғ.с.) мен имам Аскаридің (ғ.с.) қасиетті кесенелері

Имам Хадидің (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.

 

Тегтер