Сәу 01, 2023 20:15 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Достың қасында (10)

Қасиетті Рамазан айының оныңшы жұлдызы Исламның ұлық ханымы хазірет Хадиджаның дүниеден өтуімен тұспа-тұс келеді. Хазірет Хадиджа бүкіл күші мен байлығын Ислам жолына сый еткен адам.

 Шындықты растайтын ханымға сәлем. Пайғамбардың (с.ғ.с.) зияратнамасының  бір бөлігінен былай деп оқимыз:  «Сәлем, пәк, өнегелі әйелдеріңе... әсіресе, ақиқатты мойындаған, болмысы  пәк ханымға... жоғары мәртебелі  Хадиджаға...».

Әлемнің барша мұсылмандарына  хазірет Хадиджаның (ғ.с.) қайтыс болғанына байланысты көңіл айтамыз.  

 

 Хазірет Хадиджа құрайш  тектілерінен  және өз дәуірінде қайталанбас әулеттік қадір-қасиетке ие, ойы биік, терең парасатты үлкен әулеттен еді.  Ол құрайштың ең қадірлі және ең бай әйелі болды, оның  Шамға  саудамен баратын керуені  әдетте құрайштың әртүрлі әулеттерінің барлық керуендеріне тең болды. Сондықтан құрайш тайпасының барлық ер-азаматтары оған үйленуге өте ынталы болды, егер Хадиджа оны қабылдаса, көп байлықты оның аяғына тастар  еді.  Бірақ ол Мұхаммадпен (с.ғ.с.)   саудасында кездесіп, оның басқа еркектерден мүлде бөлек мінездерін көргенде, үйленуге ұсыныс жасайды.  Хиджаздың құда түсушілеріне жауап  беруден бас тартқан ол Мұхаммадқа (с.ғ.с.)  үйленуді қалайтынын ашық айтып, былай  деді: «Уа, Мұхаммад!  Мен сенің абыройың мен сенімділігің мен жақсы ахлақ пен адалдығың үшін қызыға бастадым».

Хазірет Хадиджа   хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.)  тұрмысқа шыққаннан кейін оған өзінің барлық мал-мүлкін, құлдары мен күңдерін өз қалауынша қолдануға тапсырды.  Хазірет Хадиджа  Аллаға және Оның Елшісіне иман келтірген және Алла елшісі әкелген дінді растаған  алғашқы адам. Ол  азып-тозған, надандық ортада да таза, сау өмір сүруге және ырым мен надандық перделерін жоюға болатынын көрсетті.  Хадиджаның жолдауы бақыт пен құтылу үшін маңызды мақсаттарды ойлап, жолдың ауыртпалығына төзу  керек еді. Ол Алла елшісінің (ғ.с.) өмірін қыздырып, қиындықта, азапта онымен бірге болды.

Хазірет Хадиджа (ғ.с.) Ислам пайғамбарымен бірге өмір сүрген 25 жыл бойы оған және Ислам дініне көптеген қызметтер атқарды. Мұхаммад пайғамбарға (с.ғ.с.) қаржылық, рухани қолдау және мейірімділік көрсету,  Пайғамбарды (с.ғ.с.) ешкім растамаған заманда оны растау, мүшріктердің азап-қорлықтарына қарсы көмектесу хазірет Хадиджаның қызметтерінің құнды бөлігі болып табылады.  Үйден тыс және қоғамда үлкен істермен айналысатын, халықты тура жолға салу, Ислам үмбетіне жетекшілік ету сияқты ұлы мақсаттары бар  және қыңыр дұшпандардың мазақ етіп, шабуылына ұшыраған Пайғамбар сияқты тұлға үшін жүректі ең жақсы жұбатушы, шаршау мен бақытсыздықты кетіруші  сергек, жанашыр және мейірімді Хадиджа болды.

Мысырлық ғалым Бинт аш-Шати былай дейді: «Хадиджадан басқа әйелде күйеуінің Хара үңгірінен келген тарихи шақыруын нық сеніммен, құшақ жая, сүйіспеншілік пен жанашырлықпен, оның ақиқатына және Алла оны  жалғыз қалдырмайтынына күмәнданбай қарсы алатындай дарын бар ма еді?

Хадиджадан басқа сән-салтанатта, жайлылық пен сыйластықта өмір сүрген бірде-бір бай ханым көптеген дүние-мүлкіне, абыройы мен байлығымен өмірдің ең қиын сәтінде күйеуінің жанында болып, оған қолдау көрсете алатын еді ме? Тек Хадиджа ғана сондай еді, оған ұқсайтын әйел жоқ.

Хазірет Хадиджа (ғ.с.) ақиқатқа ғашық болғаны сонша, ол бүкіл өмірін Аллаға құлшылықты насихаттап, Исламның азаттық  жырын тарату үшін құрбан етті. Хазірет Хадиджа пайғамбарды және Ислам дінін қорғау үшін өзінің беделі мен әлеуметтік жағдайынан көмек алып қана қойған жоқ, сонымен қатар ол жаңадан пайда болған Ислам  дінін қорғаудың қиын сахналарына тікелей қадам жасады.  Оның өзі кейіннен Шааб Әбу Талиб деген  атпен белгілі болған алқаптағы мұсылмандардың экономикалық қоршауында болды және ол жерде Пайғамбар, Әбу Талиб және басқа да мұсылмандармен үш жыл бірге болды. Бұл үш жылды Хадиджаның құрбандық шалуының шыңы деп атауға болады. Осы ауыр экономикалық эмбарго кезінде ол мұсылмандардың қаржылық және азық-түлік қажеттіліктерін қамтамасыз етуді басқарды. Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) хазірет Хадиджаның құрбандығын сан рет қайталап, оның Ислам жолында мал-мүлкінен бас тартқанын баса айтқан.

Хазірет Хадиджа Пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан жәннаттағы төрт әйелдің бірі. Оның болмысы аяулы болғаны  сонша, құрайыш әйелдері Хадиджаның баласын дүниеге әкелген кезде жалғыз тастап кеткенде, Алла Тағала оған көмекке Әсия мен Мәриям сияқты пәк әйелдерді жіберіп, кім Аллаға көмектессе, Алланың да оған ең жақсы көмекші екенін көрсетті.  Әйелдер жәһилият заманында және Пайғамбардың беғсатына  дейін құқықтарынан айырылып қалуымен,  олар ең аянышты жағдайда өмір сүріп, кейбір тайпаларда ұят саналып,  тірідей жерленген.  Міне, осындай кезеңде Хадиджа Ислам дінінің көмегімен әйелдің өмір сүруге құқығы бар екенін және күш- жігермен   Пайғамбар (с.ғ.с.)  оны әлемнің таңдаулы төрт әйелінің бірі деп атайтын және Алла  оған Жәбірейіл арқылы бірнеше рет өзінің ерекше сәлемін жіберетін деңгейге жете алатынын  дәлелдеді.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) айтқандай: «Миғражда болғанымда, қайтарымда Жәбірейіл (ғ.с.) қасыма келіді.  Мен Жәбірейілге: «Уа, Жәбірейіл! Айтатынын бар ма?»- дедім.  Ол: «Алланың және менің атымнан Хадиджаға сәлем жеткіз», - деп жауап берді.  Алла Елшісі Хадиджаға Жәбірейілдің хабарын жеткізгенде, Хадиджа былай деп жауап берді: «Аллаға сәлем, салауаттылық Одан, Оған сәлем және Жәбірейілге сәлем».   

Хадиджа хижраттан үш жыл бұрын ауырып қалды. Пайғамбар  (с.ғ.с.) Хадиджаға: «Уа, Хадиджа, Алланың сені жәннатта менің әйелім қылғанын білесің бе?» - деді. Сосын Хадиджаны жұбатты. Алла елшісі  оған жәннатты уәде етіп, оның қызметтеріне шүкіршілік етіп, жәннаттың  ең жоғары дәрежелерін сипаттап берді.  Ақырында, бұл адал ханым әрі Исламның жақтаушысы Хадиджа  Пайғамбардың беғсатының оныншы жылының Рамазан айында 65 жасында дүниеден озды.  Алланың елшісі (с.ғ.с.) Хадиджаға ғұсл құйып,  Жәбірейіл Алла Тағала тарапынан әкелген кебінде Хадиджаға кигізді. Хазірет Мұхаммад  (с.ғ.с.) өзі қабірге кіріп, Хадиджаны жерледі. Хазірет  көз жасын төгіп, дұға етіп, оны кешіруді  сұрады.

Ислам пайғамбары үшін ең қайғылы кезең сүйікті көкесің  хазірет Әбу Талиб қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай адал жары Хадиджадан айырылған кезі деуге болады.  Сол жыл  қайғылы жыл аталды.  Осыдан кейін Хадиджа есіне түскен сайын Пайғамбардың (с.ғ.с.)  көздеріне жас толып, оған сәлем жолдады. Хазірет (с.ғ.с.)  үнемі: «Барша менен алыстаған  кезде, ол маған көмектесті», – деп айтатын.

Хазірет Хадиджа (ғ.с.) әрі асыл тас, әрі гемолог болды және өзі де хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әлеміндегі жалғыз асыл тасты өсіруге арналған қазына болды. Хазірет  Хадиджа ұрпақтарының білім, ізгілік, азаттық аспанында жарқыраған жұлдызға айналуына байланысты   құрметті. Исламның қасиетті көшетінің өсіп-өнуіне оның ықпалы зор болғаны сөзсіз. Хазірет Хадижа (ғ.с.) сияқты атақты тұлғалар әйелдерге ғана емес, адамзатқа да үлгі.

Мұсылман әйелдің қасиеті, тазалығы, кемелдігі хазірет Хадиджадан (ғ.с.) көрінеді. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) шынайы және салихалы серік болған асыл ханым хазірет Хадиджаға (ғ.с.) Алланың сәлемі болсын.

Тегтер