Сәу 20, 2023 20:47 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Достың қасында (23)

Ғадир Хом күні кемелденген дін – велаяттың ең маңызды жарлығы мен бұйрығы. Имамат пен Пайғамбардың (с.ғ.с.) пәк мұрагерлерінің басшылығын қабылдау – Исламды толықтыратын және Алланы осы дінмен разы ететін жалғыз нәрсе.

Алланың әмірін орындау үшін бір ай бойы ораза ұстаған және түнді таң атқанша ғибадатпен, құлшылықпен өткізген баршаңызға сәлем, Алланың қонақтарына сәлем. Бұл айда Алла күнәларымызды кешіріп, амалдарымызды қабыл етсін.  

Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) Мәдинаға хижрат еткеніне он жыл болды. Дәл осы зиқаеде айының соңғы күндерінде Жәбірейіл Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алладан бір аятты әкелді. Алла Тағала пайғамбарына адамдарды қажылыққа шақыруды бұйырды: «Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді». («Қажы» сүресі, 27-ші аят).

Пайғамбар (с.ғ.с.) халықты қажылыққа шақырып, өзі қажылық сапарына дайындалды. Пайғамбармен бірге Алланың үйін тәуәп ету үшін Мәдинаға алыс-жақыннан мұсылмандар келді. Алланың пайғамбары бұған дейін де талай рет умраға барған, бірақ бұл оның алғашқы парыз қажылығы еді. Алдағы оқиғалардан бейхабар мұсылмандар қуанышпен Пайғамбармен тәуәп етіп, қажылық рәсімін жасады. Бірақ болашақты илаһи рух арқылы білген Алланың пайғамбары бұл өзінің соңғы сапары болатынын біліп, әр уақытта Алланың өзіне тапсырған соңғы жауапкершілігі туралы ойланып, осы аят оның санасында қайталанып отырды: «Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың...».(«Мәида» сүресі, 67-ші аят). 

Қажылық рәсімі аяқталып, халық қайтып келе жатқанда Алланың пайғамбары «Ғадир Хом» деген жерге тоқтап, барлық қажыларды сол жерге шақыруды бұйырды. Келмегендер жетіп, кеткендер қайтсін. Барлығы жиналғанда Пайғамбар (с.ғ.с.) Әли бин Әбиталибтің (ғ.с.) қолынан ұстап, мінбердің басына шығып: «...Мен кімнің қамқоршысы болсам, енді   Әли оның қамқоршысы....» Осы сөздерді айту арқылы Пайғамбардың иығынан ауыр жүк түскендей. Мүміндер Әли бин Әбиталибке (ғ.с.) ант беріп, Алла Тағала былай деді: «Бүгін діндеріңді кәміл етіп, сендерге берген нығметімді аяқтадым және Исламды діндерің еткеніме разы болдым».

Ғадир Хамда кемелденген дін – велаяттың  ең маңызды жарлығы мен бұйрығы. Имама пен Пайғамбардың (с.ғ.с.) пәк мұрагерлерінің басшылығын қабылдау – Исламды толықтыратын және Алланы осы дінмен разы ететін жалғыз нәрсе. Оның қамқорлығы мен мойынсұнуын елемейтін болсақ, тіпті қажылық, намаз оқу, ораза ұстау, хомс пен зекет беру, жиһадқа қатысу арқылы да Исламды толық жүзеге асырдық деп айта алмаймыз. Ислам тек велаятпен (діни билікпен) кемел болады және бұл дін барлық адамдарға арналған дін болғандықтан, велаятты жалпы бірдей қабылдау арқылы ғана ислам діні орнықты деп айтуға болады. Сонымен, біз «Эфтетах» дұғасынан: «Уа, Алла, әміріңді сақтаушыға сәлем жолда және өзіңе ұнайтын дінді оған тапсыр, шын мәнінде, біз вилаят идеясының әмбебаптануы және жаһандық ислам үкіметінің құрылуы үшін дұға етеміз»,- деп оқимыз.  

Біз дұғамызда адал үкіметінің құрылуын тілейміз. Бірақ имам Заман (ғ.с.) үкіметінде бәрі мұғжизамен бола бермейді. Әлем әрқашан илаһи дәстүрлер бойынша басқарылды және хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметі бұл дәстүрлерден тыс емес. Әрине, ешбір имам да, ешбір әмірші де барлық істі жалғыз өзі алып, дұрыс ұйымдастыра алмайды. Уәде етілген Мәһди (ғ.с.) да өзінің әлемдік үкіметін орнату үшін адал көмекшілерге мұқтаж. Ешқандай пайда туралы ойламайғ оның бұйрығына бағынған, басқаларды да оған бағынуға шақырсын. Сондықтан бәріміз бірге Алладан оның адал серіктері және оны мойынсұнуға шақырғандардың қатарында болуды тілейік. «Уа, Алла! Бізді сол үкіметте өзіңе бағынуыңа және адамдарды өз жолыңа шақырушылардан ете гөр».

Енді біздер хазірет Ибраһим сияқты Алладан хаққа шақыруда халықтың алдына шығаруды сұраймыз. Бірақ бұл дұғаға жауап беруге өзімізді дайындамайынша, ол қабыл болмайды. Осындай алғышарттардың бірі – ақиқат жолында берік болуды, өзімізге зиян болса да шындықты айтудан тартынбауды үйрену. Кейбір адамдар мүдделері қамтамасыз етілгенге дейін құқықты жақтайды, ал егер бір күні құқық оларға қарсы болса, олар да одан бас тартып, өз мүдделерін көздейді. Әрине, мұндай адамдар Алла жолына шақырушыларға басшы бола алмайды. Хазірет Әли (ғ.с.) былай дейді: «Олардың барлығының хақысы ауыр, бірақ ақыретті ойлаған пенделерге Алла оны жеңіл етеді.... Ендеше осы кісілердің бірі бол, Алладан жәрдем тіле». Бұл сөзге қарағанда, Алланың әмірін жүзеге асырып, ақиқатты баяндау әркім үшін қиын, егер ол адам өзінің болмысында діннің мәнін ақыретті қалағандай етіп дамытпайынша. Дүние мен оның нығметтерін қаласа да, оны өзі үшін емес, ақырет үшін тілейді. Егер біз осындай болсак және істерде Аллаға сенсек, Алла Тағала да өз дінінің үкімдерін орындауды жеңілдетеді.

«Уа, Раббым, дүние мен ақыреттің қадір-қасиетін біздің ризығымызды берекетінен (хаққа шақырудан) ете гөр». Бұл дұғада ақырет туралы айтылады, өйткені ардақты Пайғамбардың келген дәуіріндегі адамдар иманды да тақуа адамдар, шынайы шиіттер және Алланы іздеушілер, олар дүние мен ақыретті бір-бірімен бөліседі. Имам Әли (ғ.с.) адамдардың дүниедегі амалдарын екіге бөліп: «Адам бұл дүниеде дүние үшін еңбек етеді, дүниесі оны ақыреттен тосады, аман қалғандары үшін кедейліктен қорқады, бірақ өзінің кедейлігіне [ақыретте] мән бермейді. Сондықтан ол өз өмірін басқалардың игілігі үшін жұмсайды. Бұл дүниеде тағы бір адам ақырет үшін еңбек етеді және оған бұл дүниеден жазылған нәрсе күш-жігерсіз келеді. Ондай адам екі пайданы да жинап, екі үйге де қол жеткізіп, Алланың алдында абыройлы болып, Алладан не тілесе, соны береді».

Тегтер