Pars Today
Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстар екінші аптаға ұласқан шақта жауласушы тараптар соғысты жалғастыруға ниеттеніп отыр.
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Теһранның Қарабақ қайшылығын шешуге көмектесуге әзір екенін айтып: «Иран Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыс тез арада тоқтатылуы үшін жоба дайындады»,-деді.
Армения Әзірбайжанның екінші ірі қаласы Гяндженің тұрғын аудандарына зымырандық шабуыл жасағаннан кейін Иранның Бакудегі елшілігі әскери емес нысандар мен тұрғын аудандарға шабуылды айыптады.
Әзірбайжан Президенті Твиттердегі жеке парақшасында Джебраил қаласы мен осы ауданның бірнеше ауылының азат етілгенін хабарлады.
Таулы Қарабақ аймағы Армения мен Әзірбайжан күштерінің қақтығыс алаңына айналды.
Армения Премьер-министрі ресейлік бітімгерлердің даулы Қарабақ аймағына орналастырылуын сұрады.
3 қазан Әзірбайжан-Армения әскерилері соғысының жетінші күнінде екі елдің күштерінің түйісу сызығында қақтығыстары күшейді.
Таулы Қарабақ қақтығыстарының жетінші күні Әзірбайжан мен Армения әскерилері бір-бірлерінің позицияларын нысанаға алуда.
Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі: «Ел армиясы Армения әскерін кері шегінуге мәжбүрлеп, Мадагиздің атырабындағы маңызды биіктіктерді азат етіп, Джебраил мен Фзули жаққа ілгерілеуін жалғастыруда»,-деп хабарлады.
Қақтығыстар салдарынан осы күнге дейін екі жақтан да бірқатар адам қаза тапты. Арменияның Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі: «Арменияның әскерилері осы күнге дейін Әзірбайжанның 6 ұшқышсыз ұшағы, 3 тікұшағы мен 3 әскери ұшағын жойды»,-деді.