Pars Today
AVA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер 22-23 қазанда Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасында екі күндік әскери жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.
ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы Құндыздағы Сейітабад мешітінде болған лаңкестік әрекетті айыптап, бұл қылмысты жоспарлаушылар мен іске асырушыларды жазалауды талап етті.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы тәкфирлік лаңкестердің Құндыз қаласындағы бір мешітке жасаған рақымсыз қылмысын айыптап, этникалық және діни арандатушылықты Ауғанстан халқына дұшпандардың жаңа жобасы деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі мен Сирия Президенті аймақтағы өзгерістер және екіжақты қарым-қатынас туралы пікір алмасты.
Ауғанстанның Құндыз облысындағы бір мешітте жойқын жарылыс болып, көптеген намазхандар қаза болғаннан кейін аятолла Хаменеи жолдау жасап, қылмыскерлерді жазалап, мұндай апатты оқиғаның қайталануына жол бермеу керегін айтты.
ИИР-ның Ауғанстан халқы үшін гуманитарлық көмек тиелген ұшағы Кабул әуежайына қонды және Талибан уақытша үкіметінің басшыларына тапсырылды.
АҚШ-тың Ауғанстаннан толық шығуынан шамамен бір ай өткен жағдайда АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен АҚШ армиясының бірлескен штабының басшысы Марк Милли сейсенбі күні Сенаттың қарулы күштер комитетінде сенаторлардың Ауғанстаннан шығу туралы сұрақтарына жауап берді.
Сенбі күні Mahan әуе компаниясының ұшағымен Кабул әуежайына жеткізілген гуманитарлық көмектің екінші партиясы шамамен 22 тонна азық-түлік, соның ішінде ұн, күнбағыс май мен күріштен тұрады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Ахмед Мұртазави Мұқаддам жұма күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер жоғары сот төрағаларының бейнеконференция қалыбында өткен он алтыншы отырысында: «Мүше елдерден Ауғанстан халқының қиындықтарын шешуге және адами апаттың алдын алуға көмектесуді сұраймын»,-деді.
Талибан күштері Пәкістанның көмегін тиеген жүк көліктері Ауғанстанның Торхаме елдімекеніне кірген кезде көліктердің үстіндегі Пәкістан туын жұлып алды.