Шіл 19, 2022 20:41 Asia/Almaty

ИИР Президенті: «Терроризмнің әртүрлі атаулары болуы мүмкін, бірақ шекаралар мен елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның бүкіл түрлерімен күресу керек»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ибрахим Раиси сейсенбі күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен ортақ баспасөз мәслихатында: «Ердоғанның Иранға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастардың деңгейін көтеруде және екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бетбұрыс болатыны сөзсіз»,- деп айтты. Раиси Теһран мен Анкараның қауіпсіздік мәселелері саласындағы ынтымақтастығы туралы: «Теһран мен Анкара шекара қауіпсіздігіне баса назар аударып, лаңкестікпен, есірткімен және ұйымдасқан қылмыспен күресу қажет»,- деп тоқталды.

Ердоған да Иран Президентінің екі ел үшін лаңкестік ұйымдармен күресуді маңызды деп қуаттауына сілтеме жасап, лаңкестік топтардың аймақтағы елдердің тұрақтылығы мен тыныштығын бұзатынын қуаттады. Түркия Президенті ИИР Президентінің Теһранның көрші елдермен қарым-қатынасындағы перспективасын өте құнды деп бағалап: «Иран-Түркия қарым-қатынасында 30 миллиард долларлық сауда көлемі анықталды, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бұл сауда көлемі айтарлықтай төмендеді. Бірақ мұнай және табиғи газ саласында қадамдар жасау арқылы мұны жеделдетуге болады»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер