Қаң 19, 2023 19:05 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Сақ болу, ережені сақтау және жіті қадағалау – мәдениет пен жарнама саласының белсенділеріне қажет стратегия

Ислам революциясының жетекшісі Исламдық үгіт-насихат ұйымының басшысы мен қызметкерлері және Иранның өнер саласындағы белсенділерімен кездесуінде Құран аяттарына сүйеніп, сақ болу, ережені сақтау және жіті қадағалауда көрінетін Құдайдан қорқу белгісін – мәдениет пен жарнама саласының белсенділеріне ұдайы қажет стратегия деп атады.

Аятолла Хаменеи сәрсенбі күні осы кездесуде Иранның Исламдық үгіт-насихат ұйымында атқарылған шараларға алғыс айтып: "Мәдениет пен жарнама саласындағы мекемелер мен белсенділер Құдай сөзі ешбір жағдайда жерде қалмауын қадалауы керек. Бұл салада дау-жанжал, бопса мен айыптардан қорқуға болмайды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі жарнамада қоғамдық талаптарды ескермеуді Алладан қорқуды ескермеу деп атап: "Мәдени істерде жіті назарға алынуы қажет талаптар бар",-деді.  

Аятолла Хаменеи халықтың сергектігі мен қуанышын сақтауды мәдени-жарнамалық мекемелердің маңызды міндеттерінің бірі деп атады. 

Тегтер