Maм 24, 2023 16:35 Asia/Almaty
  • Иранның оңтүстік-шығысында есірткі саудасымен айналысатын ірі топ  жойылды, бір тоннадан астам есірткі табылды

ИИР-ның полиция күштері шекара қызметінің қолбасшысы елдің оңтүстік-шығыс шекараларында 2 бөлек операция барысында ірі және ұйымдасқан есірткі контрабандасы тобының жойылып, бір тоннадан астам есірткінің табылғанын хабарлады.

Сардар Ахмад Али Годарзи, ИИР полиция күштері шекара қызметінің қолбасшысы: «Чабахар әскери-теңіз базасының теңізшілері барлау элиталарымен және шекаралық аймақтардағы қозғалыстарды бақылай отырып, теңіз шекарасы аймағында қарулы агрессорлар мен есірткі контрабандасының ел аумағына кіру ниетін анықтады. Егжей-тегжейлі жедел жоспарлаумен бақылау шараларын күшейту күн тәртібіне қойылды. Осы операцияда Иран шекарашылары төрт контрабандашыны қолға түсіріп, 984 келі гашиш есірткісін тапты»,- деді.

 

Тегтер