Шіл 02, 2023 13:54 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: Франция үкіметі зорлық-зомбылықтан аулақ бола отырып, наразылық білдірушілердің талаптарына назар аударуы керек

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Париж маңында осы елдің полиция күштерінің 17 жасар жасөспірімді өлтіруінен кейін Францияда жалғасып жатқан толқуларға рескция білідіріп: «Француз полициясы зорлық-зомбылыққа жол бермей наразылық білдірушілердің талаптарына назар аударуы керек»,- деді.

IRNA агенттігінің хабарлауынша,  Насер Канани Чафи: «Кейбір еуропалық елдердің иммигрант халықпен кемсітушілік қарым-қатынастары және оларға қатысты дұрыс емес мінез-құлықтарды қабылдаудан және түзетуден аулақ болу еуропалық азаматтар үшін, соның ішінде Францияда қолайсыз жағдайлар туғызды. Француз үкіметі адам қадір-қасиетіне, сөз бостандығына және азаматтардың бейбіт шерулерге қатысу құқығына негізделген принциптерді құрметтеу арқылы өз халқына зорлық-зомбылық көрсетуді тоқтатады деп күтілуде»,- деп мәлімдеді.

 Канани Чафи Иран Ислам Республикасының Франциядағы қазіргі өзгерістерді мұқият қадағалап отырғанына тоқталып: «Франциядағы қауіпті және болжауға болмайтын жағдайға байланысты осы елде тұратын ирандық отандастарымыздан қаладағы қажетсіз қарым-қатынас және қақтығыс аймақтарына бармауды  сұраймыз»,- деп айтты.

Тегтер