Қаз 12, 2023 17:26 Asia/Almaty
  • ИИР Телерадио бірлестігі шетелге хабар тарату бөлімі Al-Alam  және Press TV бірлескен кеңсесіне жасалған жарылысты айыптады 

Иран Ислам Республикасының Телерадио бірлестігі шетелге хабар тарату бөлімі сейсенбі күні Газадағы Al-Alam  мен Press TV ортақ кеңсесінің бомбалануын айыптады.

 

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Телерадио бірлестігі шетелге хабар тарату бөлімінің мәлімдемесінде былай деп айтылды: "Сионистік дұшпанның әлсіздігі мен сәтсіздігінің белгілері тағы да көрінді. Израильдің уақытша режимінің Al-Alam  мен Press TV екі арнасының ортақ кеңсесін нысанаға алу арқылы ақиқат іздеуші ақпарат құралдары мен басып алынған Палестина жерінің езілген халқының қорғаушыларын жоюға бағытталған кең ауқымды әрекеті  болып табылады. Қарсыласу ақпарат құралдарының флагманы болуды үлкен мәртебе санайтын ИИР Телерадио бірлестігі шетелге хабар тарату бөлімі тілшілерді өлтіру толқыны мен бұл бірлестіктіңекі маңызды ақпарат желісінің кеңселерін жарылыс жасауды кең танымдық соғыс бағытында екені даусыз. Сионистік режим Газа халқы мен басып алынған жерлердің шынайы иелеріне қысым көрсету үнін өшіру шараларын қолданды.  Біз Al-Alam   және Press TV және басқа да ақпарат құралдардың өз медиа миссиясын жалғастыратынын мәлімдейміз. Мұндай әрекеттер біздің палестиналық жауынгерлердің заңсыз Израиль режиміне қарсы заңды күресінің шындықтарын көрсету туралы шешімімізді бұзбайды."


 
 
 

 

 

 

 

Тегтер