Ақп 22, 2024 18:57 Asia/Almaty
  • Бүгін таңертең Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауында бақ сынасатын 15200-ден аса үміткердің үгіт-насихат жұмысы басталды

Иран Сайлау штабының баспасөз өкілі: "Атқарушы комитеттер, облыстық тексеру комиттеттері мен полиция басқармасы үгіт-насихат жұмыстарын бақылап, хабарламаларды қарастырады",-деді.

Исламидың айтуынша, заң бұзушылықтарды қарастыруда үміткерлерге ескерту жасалады, заң бұзушылықтың көлемі ұлғайған жағдайда Иран Жоғары сотының қоғамдық қатынастар бөліміндегі Сайлауға қатысты қылмыстардың алдын алу штабына жіберіледі.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің алтыншы сайлауы жұма, 11 есфандта (1 наурызда) өтеді.

Тегтер