Жел 11, 2023 22:55 Asia/Almaty
  • Қазақстанда 2027 жылға дейін мұнай, газ және мұнай-химияға қатысты 20 ірі жоба орындалады

Қазақстан Премьер-министрінің кеңсесі осы елдің мұнай, газ және мұнай-химияға қатысты жобаларын жан-жақты дамыту бағдарламасы бекітілгенін хабарлады.

Times Astana газетінде жарияланған мақала бойынша, Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов 2023-2027 жылдарға арналған осы елдің мұнай, газ және мұнай-химияға қатысты жобаларын жан-жақты дамыту бағдарламасына қол қойды. Оның бастапқы мақсаты даму үстіндегі елдің ішкі нарығына, әсіресе өнеркәсіп салаларына тиісті қажеттіліктерді өтеу деп жарияланды.

Жан-жақты бағдарлама бойынша Қазақстанда 2027 жылға дейін мұнай, газ және мұнай-химияға қатысты жалпы құны 37,3 млрд долларды құрайтын 20 ірі жоба орындалатын болады. Жобалардың басым бөлігі Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған мұнай кеніштерінде жүзеге асырылады.

Қазақстан үкіметі 2027 жылға дейін мұнай өндірісін жылына 105,5 млн тоннаға арттыруды, газ өндірісін жылына 82 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр.

Қазақстан сондай-ақ 2023-2027 жылдар аралығында мұнай-химия нарығын дамыту үшін 3 ірі жоба орындауды жоспарлап отыр.    

Тегтер