Сәу 22, 2019 17:32 Asia/Almaty
  • Катарда өткен Азия чемпионатында Иран спортшылары алтын және күміс медаль иеленді

ИИР спортшылары Азия чемпионатында диск лақтыру жарыстарында бір алтын және бір күміс медаль иеленді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның ұлттық командасының спортшысы Ихсан Ходади Қатарда жеңіл атлетикадан өткен Азия чемпионатында дискті 65м 95см ұзындыққа лақтырып, алтын медаль алған. Иранның келесі спортшысы Бехнам Шири да дискті 60м 89 см ұзындыққа лақтырып, күміс медаль иеленіп, екінші орынға орналасты. Ходади бұл жеңісімен Азияда алтыншы рет бірінші орынға ие болып, жаңа рекорд көрсетті.

 

 

Тегтер