Maм 21, 2020 18:14 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясындағы палестиналық тұтқындар азат етілуі керек

ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының ақпарат өкілі Сауд Арабиясында тұтқында жатқан палестиналықтарды тез арада босатуды талап етті.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС-тың ақпарат өкілі Фузи Бархум Сауд Арабиясындағы палестиналық тұтқындардың физикалық және санитарлық тұрғыдан ауыр жағдайына алаңдаушылық  білдіріп: «Эр-Рияд үкіметі тұтқындарды босатуға қажет әріптестік жасаудан бас тартып отыр»,-деді.

Бархум, сондай-ақ, Сауд Арабиясында тұтқындалған ХАМАС мүшесі Мұхаммед әл-Хазаридің жасы келген әрі науқастығына байланысты ауыр жағдайына тоқталып, ауқымды келіссөздер жүргізілгеніне қарамастан саудиялық тараптың оны босатуға келіспей отырғанын айтты.  

Сауд Арабиясында 60-тан астам палестиналық ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысына қатысы бар деген айыппен тұтқында жатыр. 

 

Тегтер