Қар 24, 2023 15:51 Asia/Almaty
  • Бүгін Газада 4 күндік атысты тоқтату бітімі басталды

ХАМАС-тың шарттары қабылданғаннан кейін бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де Газада 4 күндік атысты тоқтату бітімі басталды.

Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының хабарлауынша, 1300 тонна азық-түлік тиеген 100-ден аса жүк көлігі Газаға кіруге дайын тұр. Рафах бақылау-өткізу пунктінен түсірілген суреттер көрсеткендей, бірнеше жүк көлігі Газа секторына кірді.  

Қассам батальондарының баспасөз өкілі Палестина, Ливан, Ирак пен Йемендегі қарсыласу топтарына алғыс айта отырып: "Дұшпан уақытша бітімде қабылдаған шарттар – бұрын біз көтерген мәселелер. Шабуылдарды тоқтату және тұтқындармен алмасу бітім туралы келісімнің екі негізгі бөлігі болды",-деді.

ХАМАС пен сионистік режим үшін арағайын болып отырған Катар СІМ-нің ақпарат өкілі: "Босатылатын тұтқындардың бірінші тобында 13 әйел мен бала бар",-деді. Маджед әл-Ансаридің айтуынша, палестиналық тұтқындар түстен кейін сағат 16:00-де босатылады деп күтілуде.

Қассам батальондарының хабарлауынша, сионистік режим 50 сионист тұтқынның әрқайсысы үшін 3 палестиналық әйел мен баланы босатуы тиіс. Сондай-ақ Газаға күніне азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиеген 200 жүк көлігі және жанар-жағармай тиеген 4 фура кіретін болады.  

ХАМАС-тың аға мүшесі Басам Наим: "Атысты тоқтату бітімі ұзартылуы мүмкін",-деді.

Бірақ сионистік режимнің Соғыс министрі бітімнен кейін соғыс қайта басталатынын айтты.   

Тегтер