Сәу 27, 2023 21:02 Asia/Almaty
  • Ердоғанда жүрек ұстамасы болғаны теріске шығарылды

Түркияның жалған ақпараттарға қарсы орталығы сәрсенбі күні кешке кейбір ақпарат құралдарының осы ел Президенті Режеп Тайып Ердоғанда жүрек ұстамасы болғанын теріске шығарды.

IRNA ақпарат агенттігінің "Спутникке" сілтеме жасап хабарлауынша, бұл орталық жүрек ұстамасы салдарынан Ердоғанның емханаға жатқызылғанын да теріске шығарды.

Ердоған сәрсенбі және бейсенбі күндерге белгіленген сайлауалды бағдарламаларының бәрін сырқатына байланысты кейінге қалдырды.

Ердоған Твиттердегі жеке парақшасында: "Дәрігерімнің кеңесі бойынша бүгін үйде демаламын",-деп жазды.

Ақпарат құралдары сәрсенбі күні таңертең: "Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның тікелей эфирдегі бағдарламасы өзін жайсыз сезінуіне байланысты бірнеше минутқа тоқтады",-деп хабарлады.  

Сұхбат кезінде кенеттен Ердоғанның асқазаны ауырып, тікелей эфирдегі бағдарлама тоқтатылды.  

Тегтер