Maм 13, 2023 16:37 Asia/Almaty
  • Наблуста екі палестиналық шәһид болды

Сионистік режимнің сарбаздары Наблус қаласында екі палестиналықты атып өлтірді.

Осы сенбі күні таң ата сионистік режимнің басқыншы күштері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблус пен Дженин аудандарына шабуыл жасады.

Палестиналық Шахаб ақпарат агенттігінің сенбі күнгі мәліметі бойынша, бүгін таңертең сионистік басқыншы күштердің Наблустың шығысындағы Балата лагеріне жасаған шабуылы кезінде екі палестиналық шәһид болып, 7 адам жараланды. Осы хабарға сәйкес, Палестина Қызыл Жарты ай ұйымы осы екі палестиналықтардың шәһид болғанын растады және бұл екі адам басынан тіке оқпен шәһид болды.

Тегтер