Қыр 05, 2023 15:56 Asia/Almaty
  • Кербала губернаторы: Алдағы 10 жылда зияратшылардың саны 40-50 миллионға жетеді

Кербала губернаторы миллиондаған Арбағин  зияратшыларының бұрын-соңды болмаған қатысуына сілтеме жасап, алдағы 10 жылда олардың саны 40-50 миллион адамға жетеді деп болжады.

 

 

Кербала губернаторы Насиф Джасим әл-Хаттаби: «Қасиетті Кербала соңғы күндері бұрын-соңды болмаған зияратшыларға куә болды және Ирактан тыс жерлерден келген 3 миллион 600 мың зияратшыны қабылдады",- деді. Әл-Хаттаби сөщәнәі жалғасында биыл Арбаин қажыларының саны өткен жылдан асып түсетінін болжады.

Кербаладағы қонақүйлердің сыйымдылығының 70 мың төсекке жеткеніне назар аударған Хаттаби: «Шетелдік қажылардың саны 5,5 миллионға жетті, бізге мемлекеттік қонақүйлер мен қонақ үйлер және облыстағы туризм саласына көбірек қолдау қажет",- деді.

   

 

Тегтер