Қар 16, 2023 17:45 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Джебелия лагеріндегі бір тұрғын үйге шабуыл жасады

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа секторының солтүстігіндегі Джебелия лагерінің бір тұрғын үйіне әуеден шабуыл жасап, соның салдарынан ондаған адам шәһид болып, жараланды.

Бұл үй UNRWA мектебінің жанында орналасқан. Пассивті қорғаныс күштері көбіне әйелдер мен балалардан тұратын шәһидтердің мәйіттерін үйінділердің астынан шығарды. Куәлердің бірі: "Израильдің қырғи ұшақтары балаларды нысанаға алады. Біз Нетаньяхудан бұрын Құдайға араб билеушілері үстінен шағымданамыз. Өйткені олар қаласа, Нетаньяху мен Израильдің қылмыстарын тоқтата алады",-деді.  

 

Тегтер