Қар 22, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Әс-Сиси сионистік режимге жаһандық қысым көрсетуге шақырды

Мысыр президенті Газадағы атысты тоқтатуды шешуші түрде жүзеге асыру үшін халықаралық қауымдастықтың сионистік режимге, басқыншы режим ретінде, қысым көрсету қажеттігін қуаттады.

 

Бейнеконференция түрінде өткен БРИКС мүшелерінің кезектен тыс жиналысында сөйлеген әс-Сиси: «Мысыр Газа секторындағы атысты тоқтату және бейбіт тұрғындарды қолдау жөніндегі халықаралық күш-жігерді, соның ішінде атысты тоқтатуды орнатуға және Газа бойынша гуманитарлық дәліз құруға қатысты 2712 қарарды құптады».

«Әл-Ахрам» газетінің хабарлауынша, әс-Сиси сондай-ақ: «Мысыр халықаралық қауымдастықтан осы қарарды орындау үшін басқыншы режим ретінде сионистік режимге қысым көрсетуді сұрайды»,- деді.

 

Тегтер