Қар 24, 2023 15:00 Asia/Almaty
  • Газада атысты тоқтату бітімі орнауға бірер сағат қалғанда сионистер тағы да қылмыс жасады

Басқыншы режимнің әскери ұшақтары Газаның солтүстігіндегі UNRWA-ға тиесілі мектепті бомбалады. Бұл шабуылда 30 адам қаза тауып, 100 адам жараланды.

ХАМАС: "Джебелия лагеріндегі UNRWA-ға тиесілі мектепке жасалған шабуыл сионистік режимнің фашистік сипатын көрсетті. Ол соғыс алаңында жеңіліс тапқанына ашулы",-деп мәлімдеді.

Сионистік қырғи ұшақтар Рафахтың шығысындағы бірнеше тұрғын үйді де бомбалады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, сионистік режим Джебелия лагеріндегі базарға шабуылында тыйым салынған фосфор газын тағы да қолданды.

Сионистік режим сондай-ақ Газаның солтүстігіндегі Индонезия ауруханасына шабуыл жасады. Осы шабуылдар барысында ауруханада электр қуаты толық өшірілді. Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Индонезия ауруханасына апаратын барлық жолдар толық қиратылды. Басқыншы режим аурухананы істен шығаруға тырысып жатыр.

Сионистік режимнің Газа секторының орталық бөлігіндегі әл-Насират лагерінде бір бейбіт көлікке жасаған шабуылында 6 адам қаза тапты.  

Тегтер