Жел 15, 2023 20:10 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің шабуылдарында 3 мыңнан аса палестиналық оқушы шәһид болды

Палестинаның Білім және тәрбие министрлігі бейсенбі күні кешке: "Сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауына айуандық шабуылдарында 3714 палестиналық оқушы шәһид болды",-деп хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің Палестинаның Білім және тәрбие министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, 7 қазанда басталған шабуылдарда осы күнге дейін 5700 палестиналық оқушы жараланды.

Газаның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні соғыстың 68-ші күнінде палестиналық шәһидтердің жалпы санын 18787 адам, жараланғандардың санын 50897 адам деп жариялады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жұма күні Израильдің шабуылдары салдарынан Газада қаза болған бейбіт тұрғындардың санына қатысты ескерту жасады.

БҰҰ Бас хатшысы: "Израильдің ХАМАС-қа қарсы әскери амалдарының көлемі, Газадағы өлім-жітім деңгейі мен қирандылар ауқымы зор. Бұған төзуге болмайды",-деді.

Тегтер