Ақп 23, 2024 21:38 Asia/Almaty
  • Америка Палестина мәселесін жоюға ұмтылуда

Ливан Хизболласы бас хатшысының орынбасары АҚШ үкіметінің Палестина мәселесін жоюға тырысып жатқанын хабарлады.

 

 Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шейх Наим Қасым: "АҚШ үкіметінің Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы ұсынып отырғаны алдау және ол Палестина мәселесін түбегейлі жоюды көздейді. Америка бүгін мүмкіндікті пайдаланып, Палестина мәселесін жойғысы келеді. Оның атысты тоқтату және саяси шешімдерді табу туралы айтқанының бәрі өтірік. Палестина халқына қарсы жасалған геноцид салдарынан Америка мен Израильдің бетінде пайда болған қатыгездіктен құтылу үшін жалғандық",- деді.

Ливан Хизболласы бас хатшысының орынбасары шайқастың әртүрлі майдандарындағы қарсыласу күшінің табандылығын көрсете отырып: "Газаға қарсы шабуылға қарсылық өрістердің бірлігін көрсетті. Қарсыласу осінің әрбір мүшесі өз шешіміне, күшіне және бағалауына қарай израильдік жауға қарсы өрістердің бірлігін әр түрлі жолдармен көрсетеді",- деп баса айтты.

Шейх  Наим Қасым былай деді: "АҚШ президенті Джо Байден Америкада сайлау жақындап келе жатқандықтан беріледі. Өйткені ол Газаға жасалған агрессияның өзінің сайлаудағы ұпайына тікелей әсерін сезінеді және соның салдарынан жеңілуі мүмкін".

 

Тегтер