Ақп 19, 2017 15:21 Asia/Almaty
  • Аль-Абади Мосулдың батыс бөлігін азат ету операцияларын бастауға бұйрық берді

Бүгін, жексенбі күні таңертең Ирактың премьер-министрі Хейдар әл-Абадидың бұйрығымен Мосул қаласының батыс бөлігін азат ету операциялары басталды.

Aliraqia телеарнасының хабарлауы бойынша, Ирак қарулы күштерінің бас қолбасшысы Хейдар әл-Абади ерлік және батылдықпен Мосулдың қалған бөліктерін азат етуге әрекет жасауға, тұрғындарын ДАИШ лаңкестерінің қанауы мен езгісінен босатып, халыққа адамгершілікпен қарап, босқындардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге бұйырды.

Мосул қаласының екіден үш бөлігін қамтитын шығыс бөлігі қаңтардың жиырма төртінде ДАИШ лаңкестерінің окупациясынан азат етіліп, лаңкестер қаланың батыс бөлігіне қашқан болатын. Ал Хашд аш-Шааби күштерінің Нейнава облысының батысындағы Сирияға қашар жолды толығымен бөгеу әрекеттерінен кейін лаңкестер Мосулдың батыс бөлігінде қоршауда қалған болатын.

Ирактың премьер-министрі Мюнхенде өткен конференцияда Ирак халықтық ерікті күштерінің (Хашд әш-Шааби) Мосулды азат етудегі маңызды рөлі мен әрекетін мадақтап, әрекеттер барысында бейбіт тұрғындардың өмірі мен мал-мүлкін сақтауды қуаттады.

 

Тегтер