Ирактың астанасы Бағдадта ДАИШ лаңкестік шабуыл жасады
(last modified Thu, 09 Jun 2016 14:20:25 GMT )
Маусым 09, 2016 20:20 Asia/Almaty
  • Ирактың астанасы Бағдадта ДАИШ лаңкестік шабуыл жасады

Ирактың астанасы Бағдад қаласының шығысы мен солтүстігінде жасалған лаңкестік шабуыл шамамен 15 адамның өлімі мен бірқатар жанның жаралануына себеп болды.

Рейтер агенттігінің хабарлауы бойынша, бейсенбі күнгі Ирак астанасы Бағдад қаласының шығысындағы эль-Джадида аймағында бомба қойылған көлік жарылысы салдарынан шамамен 15 адам көз жұмып, елуден астам адам жарақат алды. Жараланғандардың кейбіреуінің жағдайы мүшкіл деп хабарлануда. Бұл шабуылдардың жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды. Ирактың батысындағы ал-Анбар облысындағы Фаллуджа қаласындағы Ирак әскері мен халықтық күштерінің үсті-үстіне қол жеткізген жеңістерімен ДАИШ лаңкестік тобы өздерінің жеңілістерін жасыру үшін осы елдің азаматтарына қарсы, әсіресе Бағдад тұрғындарына лаңкестік шабуыл жасауға көшті.

Тегтер