Шіл 01, 2018 22:59 Asia/Almaty
  • Австрия Еуроодақ пен Ресей арасындағы қайшылықтарды азайтуға талпыныс жасауда

Австрия Канцлері Еуроодақ басшылығының басында бұл кезеңде Еуропадағы қайшылықтарды азайтуға талпыныс жасайтынын жариялады.

Die Presse газетінің жазуы бойынша, Австрия Канцлері Себастьян Курц ақпарат отырыстарының бірінде Венаның бұл кезеңде Еуроодақ пен Ресей қайшылықтарымен, Британияның Еуроодақтан шығуы және Еуропа мен АҚШ ұстанымдары сияқты дағдарыстармен бетпе-бет келіп отырғанын айтты.

Еуроодақтың өткен кезеңінің басшысы Болгария Премьер-министрі Бойко Борисов пен Еуроодақ кеңесінің төрағасы Дональд Туск қатысқан отырыста: "Австрия Еуроодақтың басшылығын өз мойынына алып, бұл міндеттің ауырлығын мойындайды",- деді.

Австрия алдағы алты айда Еуроодақтың кезеңдік басшысы міндетін атқарады. Өткен кезеңде бұл міндет Болгарияның мойнында болды. 

 

 

 

Тегтер