Ресей қару-жарақтарды бақылаудың келешегіне қатысты ескерту жасады
(last modified Sun, 14 Apr 2019 14:53:21 GMT )
Сәу 14, 2019 20:53 Asia/Almaty
  • Ресей қару-жарақтарды бақылаудың келешегіне қатысты ескерту жасады

АҚШ Дональд Трамптың билігі кезінде халықаралық хаттамалар, соның ішінде қару-жарақ келісімдеріне немқұрайлы қарап келеді. Вашингтон қару-жарақтарды бақылау келімдерінен шығуды мақсат тұтып отыр.

Дональд Трамп 2019 жылдың 2 ақпанында орта қашықтыққа арналған ядролық қарулар туралы келісімді (INF) тоқтатты. Мұнымен қоса, АҚШ қазір Стратегиялық ядролық қаруларды азайту туралы келісімге қатысты жаңа шарт белгілеп, сылтау іздеу арқылы ақырында осы стратегиялық келісімді 2021 жылы ұзартудан бас тартуды көздеп отыр.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осы салада жаңа шарттар жариялап, Қытайдың "Старт" келісіміне қосылып, Ресей тарапынан ультрадыбыстық қарулар кешендерін орналастыру және дамытудың тоқтатылуын талап етіп отыр. Мұндай талаптардың орындалуы екіталай. Трамп үкіметі бұл шарттарды әдейі қойып, олардың орындалмағанын сылтауратып "Старт" келісімін ұзартпайын деп отыр.

АҚШ-тың қаруларды бақылау келісімдерінен шығу үдерісі жалғасатын болса, осы келісімдер бойынша тыйым салынған қарулардың таралуына, соның салдарынан халықаралық деңгейде жаңа қару-жарақ бәсекелестігінің пайда болуына себеп болып қана қоймайды, әлемнің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін де ауыр қатерлерге ұшыратады.

Бұл мәселе Ресейдің алаңдаушылығына себеп болды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сенбі күні, 13 сәуірде Ресейдің сыртқы саясат және қорғаныс кеңесінің отырысында Вашингтонда қару-жарақ бәсекелестігін қолдайтын адамдардың көптігін, бірақ Ресейдің бұл бәсекеге қатыспайтынын айтты.

АҚШ 2019 жылдың ақпан айында INF келісімін орындауды тоқтатты. Келісім бойынша, оны орындауды тоқтатқаннан алты ай өткен соң келісім күшін жояды. Келісімге сәйкес, 500-5500 км қашықтыққа арналған ядролық зымырандарға тыйым салынған болатын. 2010 жылы Ресей мен АҚШ-тың сол кездегі басшылары қабылдаған "Старт-2" келісімі бойынша, екі ел өздерінің стратегиялық ядролық оқтұмсықтары санын 1550-ге дейін шектеп, 700 құрлықаралық баллистикалық зымыран мен стратегиялық бомбалаушы ұшаққа келісті.

Трамп үкіметінің қару-жарақтарды бақылау туралы келісімдерге қатысты теріс қатынасына қарамастан, Ресей бұл келісімдерді сақтап қалуға мүдделі. Лавров осы салада Ресейдің АҚШ-пен қару-жарақтарды бақылау саласында келіссөздерді жалғастыруға ынталы екенін еске салды.  

Ірі ядролық алпауыттар, соның ішінде  АҚШ-тың INF-ке беріктігі туралы уәждерге қарамастан, әлем 70 жылдан астам уақыт бойы ядролық соғыс қаупімен бетпе-бет келіп отыр.

АҚШ-та Трамп билік басына келгеннен кейін бұл елдің ядролық арсеналды дамыту және жаңартуға талпынысы еселенді. Бұл мәселе ақырында ауқымды ядролық қару бәсекелестігін тудыруы мүмкін.