Маусым 11, 2021 15:53 Asia/Almaty
  • Иранның президенттік сайлауы Ұлыбританияның Лондон және басқа 6 қаласында өтеді

ИИР-ның Ұлыбританиядағы елшілігі Иранның президенттік сайлауының Ұлыбританияның Лондон мен басқа 6 қаласында өтетінін хабарлады.

ИИР-ның Ұлыбританиядағы елшілігі бейсенбі күні өз мәлімдемесінде: «Жұма күні 18 маусымда Иранда президенттік сайлаудың он үшінші кезеңінің өтуімен бір мезгілде Ұлыбританияның Лондон мен басқа 6 қаласында дауыс беру учаскелері жұмыс істейтін болады»,-деп хабарлады.

Осы мәлімдемеде: «Ұлыбританияда жалпы 11 дауыс беру учаскесі ашылады. Оның бесеуі Лондонда, алтауы Манчестер, Бирмингем, Лидс, Глазго, Кардифф пен Ньюкаслда жұмыс істейтін болады»,-делінген.  

Ирандықтар жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-дан 19:00-ға дейін 10 сағат ішінде дауыс бере алады.

Иранның он үшінші президенттік сайлауы 18 маусымда өтеді.

Тегтер