Қаң 12, 2023 15:24 Asia/Almaty
  • Ақ үй: АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасына кибер шабуыл жасалғанын дәлелдейтін айғақ жоқ

Ақ үй баспасөз қызметінің хатшысы Карин Жан-Пьер сәрсенбі күні АҚШ-тың түкпір-түкпірінде рейстердің тоқтауына себеп болған Федералдық авиацияның басқару жүйесінің істен шығуы туралы: "Кибер шабуыл жасалғанын дәлелдейтін айғақ жоқ. Бірақ АҚШ Президенті Джо Байден осы жүйенің істен шығу себебін анықтауға бұйрық берді",-деді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Карин Жан-Пьер Твиттердегі жеке парақшасында: "Қазіргі таңда кибер шабуыл жасалғанын дәлелдейтін айғақ жоқ. Бірақ АҚШ Президенті Джо Байден осы жүйенің істен шығу себебін анықтауға бұйрық берді. Авиация басқармасы өз басқару жүйесін жаңартып тұратын болады",-деп жазды.

Байден: "Ұшақтар қауіпсіз жағдайда қона алады, бірақ әзірге ұша алмайды",-деді.  
Сәрсенбі күні, 11 қаңтарда АҚШ-та рейстер тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды. Өйткені Федералдық авиация басқармасы істен шыққан бір жүйені жөндеуге талпынып жатыр. Жолаушыларға жаңа ақпарат алу үшін әуе компанияларына хабарласу керегі айтылды.

Федералдық авиация басқармасы: "Бүкіл әуе компанияларына рейстерді үйлестіру және қауіпсіздікті сақтау шаралары расталғанға дейін барлық ішкі рейстерді жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-ға дейін шегеруге бұйрық берілді",-деп хабарлады.

Тегтер