Maм 08, 2023 22:27 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери: ИИР-дың аймақтық дипломатиясы ұтыс-ұтыс стратегиясына негізделген

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: "Иранның аймақ елдерімен дипломатиясы шын мәнінде ұтыс-ұтыс стратегиясы негізінде дамытылып жатыр",-деді.

Генерал-майор Бағери Омандағы Иран елшісі Әли Наджафи және басқа да ирандық дипломаттармен кездесіп сұхбаттасты.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы өзінің омандық әріптесінің шақыруымен Маскатқа барды.

Генерал-майор Бағери: "Түрлі сатыдағы дипломатиялық жетістіктер –дипломатиялық аппарат қызметкерлерінің талпыныстарының нәтижелері. Дипломаттар Иранның осы маңызды аймақта танылу деңгейінің жоғарылауына айтарлықтай үлес қосты",-деді.   

Генерал-майор Бағери: "Аймақта қорғаныс дипломатиясын дамыту – әлемдегі дипломатияның маңызды көрсеткіштерінің бірі. Иранның аймақ елдерімен дипломатияны дамытуы шын мәнінде барлық тараптардың мүдделеріне сай келеді",-деді.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы аймақтың қауіпсіздігін осы аймақ елдерінің әріптестігімен қамтамасыз ету керегін айтып: "Бүгінде аймақтың қауіпсіздігі ортақ мүдделер мен ұжымдық қауіпсіздік негізінде аймақ елдерінің бір-бірімен достық әрі сындарлы әріптестік жасауына тікелей байланысты. Бұл трансаймақтық елдердің араласуынсыз жүзеге асырылуы керек",-деді.  

Тегтер