Maм 08, 2023 23:44 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің ғылым жөніндегі орынбасары: Иран мен Ресей арасында технология саласында ортақ ынтымақтастық жоғары комиссиясы құрылуы керек

Иран Президентінің ғылым жөніндегі орынбасары Ресей Президентінің көмекшісімен кездесуінде: "Екі ел арасында технология саласында ортақ ынтымақтастық жоғары комиссиясы құрылуы керек",-деді.

Рухолла Деһқани Фирузабади дүйсенбі күні Ресей Президентінің ғылым және технологиялар жөніндегі көмекшісі Андрей Фурсенкомен кездесіп, сұхбаттасты.

Рухолла Деһқани Фирузабади осы кездесуде Иран мен Ресейдің технологиялық ынтымақтастық саласындағы әлеуеттеріне тоқталып: "Иран ғылым мен технология саласында жақсы жетістіктерге жетті және осы саланың маңызды ойыншыларының бірі саналады",-деді.

Рухолла Деһқани Фирузабади: "Иран, Ресей мен Қытай сияқты елдердің стратегиялық ынтымақтастығы ықпалды да шешуші бола алады",-деді.

Иран Президентінің ғылым, технология және іргелі ғылымға негізделген экономика жөніндегі орынбасары сондай-ақ: "Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында технологиялық санкцияларға қарсы комитет құру және екі елдің технологиялық парктері арасында әріптестік орнату да осы комиссия аясында талқыланатын тақырыптар бола алады",-деді.

Тегтер