Жел 06, 2023 19:24 Asia/Almaty
  • Сот АҚШ үкіметі мен басқа 41 американдық жеке және заңды тұлғаны генерал Қасым Сүлейманидің шәһид болуына қатысқаны үшін 49 миллиард 770 миллион доллар төлеуге үкім етті

Генерал қажы Қасым Сүлейманидің шәһид болуына байланысты келтірілген материалдық, моральдық және жазалау шығындарын талап еткен 3 мыңнан астам отандасымыздың шағымы үкім шығаруға себеп болды.

 

Сот АҚШ үкіметі мен басқа 41 американдық жеке және заңды тұлғаны генерал Қасым Сүлейманидің шәһид болуына қатысқаны үшін 49 миллиард 770 миллион доллар төлеуге үкім етті. Сондай-ақ сот АҚШ үкіметі мен істің басқа да қатысушыларына өтініш берушіден ресми кешірім сұрауға және оны кеңінен таралатын газеттердің бірінде жариялауға міндеттеді.

Бұл іс бойынша сотталғандардың қатарында АҚШ үкіметі, АҚШ Мемлекеттік департаменті, АҚШ қорғаныс министрлігі, Трамп пен Помпео бар. Бұл іс бойынша үкім сырттай шығарылды және оған 2 айға дейін сотқа шағымдануға болады

 

Тегтер