Нау 19, 2024 18:50 Asia/Almaty

Нарендра Моди бастаған Үндістан үкіметі бірнеше ай бұрын елде "Керала дастаны" фильмін экрандау арқылы киноиндустрияны экстремистік жолдауларды тарату үшін пайдаланып отырғанын көрсетті.

Бұл жолдаулар біреулерге пайда әкелуі мүмкін, бірақ өркениет тұрғысынан үнді қоғамының негіздерін бұзады.

Үндістан сияқты елде этносаралық алауыздық пен түрлі рәсімдер уақыт өте келе ұлттық болмысты әлсіретеді. Қазіргі таңда Үндістан әлемде жаңа пайда болған экономикалық алпауыттардың бірі саналады. Бұл елдің саяси әлсіреуі және соның салдарынан экономикалық тұрғыдан әлсіреуі үнді қоғамына билік жүргізгісі келетін елдер үшін жақсы. Әсіресе бұрын Үндістанды отарлап, талан-таражға салған елдер көз алартып отыр.

Батыс елдері 20 ғасырдың екінші жартысында "Батыс – азаттық пен демократияның бесігі. Ол әралуан діндер мен мәдениеттерді қабылдай алады" деген уәждерді үнемі айтатын. Басқа қоғамдарға мұны өзінің айшықты ерекшелігі ғып таныстыруға тырысты. Әрине көне құрлықтан, Шығыс мәдениетінен, яғни Азиядан бәсекелес көру олар үшін ауыр тиетіні рас.

Егер Үндістан мен BJP партиясы осы жайтты түсінсе, отаршылдарға қызмет ететін күдікті әсіре әртістерге үнді қоғамына қатысты пікірді бұзуға, "Үндістан – басқа діни конфессиялармен жауласатын жер" деген пікір қалыптасуына жол бермейді.

Үнді мұсылмандары "Керала дастаны" фильміне наразы. 

"Керала дастаны" – исламға бет бұрып, экстремиске айналған бір үндіс әйел туралы ойдан шығарылған фильм. Бұл фильм үнді мұсылмандардың келбетін бұзады. "ДАИШ" атымен ислам дінін қатыгездікке толы антигуманистік дін деп көрсетуге тырысады.

Үндістанның 1,4 млрд халқының 14 пайызы осы фильмді көру үшін кинотеатрға барды. Бұл фильм жылдың ең көп сатылған екінші фильмі деп танылды.

Жазушы әрі тілші Ниранджан Мукопадхайдың айтуынша, кинотеатр үнділер үшін ерекше тартымды. Сондықтан халыққа қолжетімді теңдессіз ақпарат құралы.  

Моди сайлау науқаны кезіндегі бір жиында осы фильмге қолдау білдіріп, оппозициялық партияны лаңкестік ағымдарды қолдап отыр деп айыптады. Моди партиясының мүшелері осы фильмнің тегін көрсетілімін ұйымдастырды.  

Нарендра Моди BJP партиясының жиналысында

Израиль мен BJP партиясы басшыларының әріптестігінің артуы, АҚШ пен Францияның Үндістандағы ойындары бір үнді де емес, мұсылман да емес бір ойыншының үнді қоғамында үндістер мен мұсылмандар арасында алшақтықты арттырып жатқанын көрсетеді. Бұл Үндістанның тату тіршілік жері деген беделін бұзып, оны Батыспен бәсекеден шығарып, үнді мұсылмандардың Израильге қарсыласу қуатын азайтады.   

Тегтер