Сәу 06, 2024 18:03 Asia/Almaty
  • Еуропада қара нәсілділерге қатысты кемсітушілік қалай? Қара Африка Батыс үшін арзан жұмыс күшінің көзі болып табылады

Түрлі-түсті адамдар, әсіресе Еуропа елдеріндегі қара нәсілділер батыс елдерінің барлық үгіт-насихаттарына қарамастан, жылдар бойы жасырын және ашық кемсітушілікпен күресіп келеді.

 

Жаңа дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы толығымен еуропалық отаршылдықтың астында болған Қара Африка  Батыс отаршылдығы жүктеген құрылымдық, өзіндік және қауіпсіздік дағдарыстарын еңсеріп, адам ресурстарын дұрыс пайдалана алмады. Міне, қаншама африкалық адамдар сол елдерге жұмыс тауып, күнкөріс табу үшін барады, әрине, көбі Батыстағы арзан жұмысшыларды қажет ететін мекемелердің азғыруымен. Адам құқығы саласында көптеген ұрандар айтатын Батыс, бірақ іс жүзінде дағдарыс пен басқа ағым бар. Бұл африкалық адамға қатысты кемсітушілікке негізделген ағым.

Африкалық жұмысшылар Батыс үшін арзан жұмыс күшінің көзі болып табылады

Еуропалық Одақтың Адам құқықтары жөніндегі агенттігінің африкалық текті адамдар арасында жүргізген соңғы сауалнамасы еңбек нарығынан бастап тұрғын үй мен денсаулыққа дейін өмірдің барлық саласында кемсітушіліктің жоғары деңгейін көрсетеді.

Австрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Ирландия, Италия, Люксембург, Польша, Португалия, Испания және Швецияны қоса алғанда, Еуропаның 13 елінен 6 752 африкалық қатысқан осы сауалнаманың нәтижесінде негізі африкалық еуропалықтардың 45 пайызы нәсілдік кемсітушілікті бастан кешіргенін, бұл 2016 жылғы 39 пайыздан  6 пайызға артты. Жарияланған есептер Еуропа елдеріндегі көптеген қара нәсілді иммигранттарды полиция қатаң бақылайтынын және олардың көпшілігі қылмысын дәлелдемей, полицияның соққыға жығатынын көрсетеді. Сондай-ақ, Еуропа елдеріндегі қара нәсілділер жұмыс санаттары мен әлеуметтік қарым-қатынастар бойынша төмен позицияда және олардың көпшілігі жұмыс орнына сәйкес материалдық құқықтарды алмайды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, тіпті неке мәселесінде де көптеген еуропалықтар балаларына түрлі-түсті адамдарға, әсіресе қара нәсілділерге үйленуге тыйым салады. Франциядағы жаңа сауалнама нәтижесі француздардың 46 пайызы солтүстік африкалық қара нәсілділерге тұрмысқа шығуға қарсы екенін көрсетті.

Қара нәсілді британдық жазушы Рене Эддо Лодж: «Көптеген ақ нәсілді адамдар жасырын апартеид жүйесінің бар екенін жоққа шығарады және тіпті оған қарсылық танытады, бірақ Батыстағы құрылымдық апартеидке байланысты олар кейде инстинктивті түрде өздерін қара азаматтардан бөлек деп санайды»,- деді.

Осы тұрғыда профессор «Ахмед Ханкар» Х әлеуметтік желісінде ақпарат жариялады: «Ұлыбританияда «Психикалық денсаулық туралы» заңға сәйкес қара нәсілділер ақ адамдарға қарағанда төрт есе көп ұсталады. Мен нәсілшілдік бұл аландататын статистикаға ықпал етпеуі мүмкін емес деп есептеймін».

      

Профессор  Ахмад Ханкар  Х әлеуметтік желісіндегі жазбасының суреті

Германияда осы елде тұратын қара нәсілді халықтың жартысы нәсілшілдердің шабуылына ұшырайды және мұндай тәжірибесі бар қара нәсілді ерлердің саны (54,8%) әйелдерге қарағанда көп.

 

Азаматтық құқық қорғаушы және неміс саясаткері Х әлеуметтік желісінде: «Германияда қара нәрсілді қауіпті ме? Бұл тек нәсілшілдік. Зерттеуге сәйкес, Германиядағы қара нәсілділер Еуропа Одағының басқа елдеріне қарағанда нәсілшілдікке көбірек ұшырайды. Олар күн сайын нәсілшілдік оқиғаларына ұшырайды»,- деп жазды.  

Бұл азаматтық құқық қорғаушының Х әлеуметтік желісіндегі жазбасының суреті

Батыс қоғамындағы бұл фактілер барлық ұрандарға қарамастан, Батыс қоғамында түрлі-түсті адамдар, әйелдер мен діни азшылықтар күрделі қысымға ұшырағанын көрсетеді. Бұл елдер жарнамаларында адам құқығына мән беретін сияқты, бірақ іс жүзінде оны онша ұстанбайды, заң институттары да назар аудармайды және Африкадан, соғыс жүріп жатқан елдерден арзан жұмыс күшін әкелу оқиғасы құрбандарын ала бастағандай.  

 

 

 

Тегтер