Pars Today
Исламның ұлық пайғамбарының қайтыс болуынан кейін имам Әли (ғ.с.) мұсылмандар қоғамының өзгеріп бара жатқанын көргенімен бұрмаланушылықтардың алдын алатын күшке ие болмады. Имам Әли (ғ.с.) сол кездегі өзінің ішкі жағдайын: «Көзімді тор басып, тамағыма тікен қадалғандай сезіндім»,- деп сипаттаған.
Имам Әли (ғ.с.)-ды Исламның ұлық пайғамбарының орынбасары етіп айқындаған Ғадир оқиғасына шолу жасаймыз. Ғадир оқиғасы тарихи құжат болып, шиіттер және сүнниттер тарапынан расталған.
Хазірет Әли (ғ.с.) жасөспірім кезеңнен өтіп, Ислам дініне иман келтіріп, Алла елшісінің қасында көптеген қиындықтарға төзімділік білдіріп, сабырлы, мүмін және ер жүрек жас жігітке айналды.
Біреуге бір нәрсе сыйлау (инфақ) – хазірет Әли (ғ.с.)-ның танымал сипаттарының бірі. Имам Әли (ғ.с.)-ның бұл сипаты туралы тарихта көптеген хикметке толы оқиғалар айтылған. Намаз кезінде мұқтаж адамға жүзігін сыйлау, мұқтаждардың арасына барып, түн қараңғысында оларға тамақ тарату және тағы да басқа көптеген істер имамның басқаларға инфақ етуінің үлгілері болып табылады.
Имам Әли (ғ.с.) – теңдессіз тұлға. Алла елшісі оны алты жасында Абиталептің үйінен өз үйіне әкелді. Сөйтіп илаһи тағдырдың арқасында Әли (ғ.с.) бала кезінен пайғамбардың тәрбиесінде өсті
Исламның ұлық пайғамбарының өмір сүретін кеңістікті жақсарту тәсілдерінің бірі халықтың арасында бір-бірі туралы жақсы ойлау кеңістігін құру болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары бұл салада тек насихатпен шектеліп қалған жоқ, ол мұсылмандардың арасында болашаққа үміт арту және тілектестік сезімдерін де таратты.
Жоғары және жағымды ахлақ барлық жүректерді өзіне тартып, нәтижесінде жүректер махаббатқа толады. Жақсы ахлақтың жарқыраған нұры әлемді жақсылықпен толтырады. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхамад-Мұстафа (с.ғ.с.) өзінің мінез-құлқы және мейірімділігімен көптеген жүректерді өзіне бұрып, оларға өмірдің дұрыс жолын көрсетті.
Исламның ұлық пайғамбарының үкімет басшылығының келесі маңызды мәселесі адамдардың рухани және ахлақи дамуы болды.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Исламның ұлық пайғамбары туралы не айтуға болады? Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) барлық пайғамбарлар мен әулиелердің ерекшеліктерін өз бойына жинақтаған. Ол тарихта болған барлық пайғамбарлар мен әулиелердің барлық ерекшеліктерінің кемел үлгісі»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің хазірет Нұх пен хазірет Жүсіп туралы хикаяларға қатысты пікірлері