Сәу 17, 2022 05:43 Asia/Almaty
  •  Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) – кешірімділік пен жомарттық теңізі

Алла елшісінің (с.ғ.с.) немересі имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

 

Хиджраның үшінші жылының қасиетті рамазан айының ортасы. Имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) неке қиюна бір жыл болды және олар  тұңғыш перзентінің дүниеге келуін күтті. Олардың қарапайым нұрлы үйінде ерекше көңіл-күй болды. Босану уақыты жақындап, хазірет Фатима (ғ.с.) анасы хазрет Хадиджаның жоқтығын бұрынғыдан да қатты сезінді. Ақырында уақыт келіп, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) тұңғыш немересі дүниеге келді. Имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) Аллаға шүкіршілік етіп, баланың атын таңдау үшін Алла Елшісінің (ғ.с.) келуін күтті. Алла Елшісі (с.ғ.с.)   сүйкімді сәбиді құшақтап,  Жәбірейіл Алланың сәбидің есімін «Хасан» деп таңдаған хабарды жеткізді.  Сәбидің құлағына азан айтылды.

 

 

Имам Хасан (ғ.с.) өмірінің алғашқы жеті жылында Алла Елшісінің (с.ғ.с.) қасында  және отыз жыл бойы  имам Әлидің (ғ.с.) тәрбиесінде болып, әкесінің досы әрі көмекшісі болды. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейнге (ғ.с.) деген сүйіспеншілігі туралы шиіттер мен сүнниттерден көптеген рауаяттар жеткен. Анас бен Малек: «Пайғамбардан (с.ғ.с.) отбасынның мүшелерінің қайсысын көбірек жақсы көресіз деп сұрағанда, хазірет Хасан (ғ.с.) мен Хұсейнді (ғ.с.) деп жауап берді»,- деп айтқан.   

Алла елшісі (с.ғ.с.) хазірет Фатиманың (ғ.с.) балаларын көрген сайын   құшағын жайып, Хасан (ғ.с.) мен Хусейнді (ғ.с.)  құшақтап,  сүйіп: «Сендер жәннәт жастарының қолбасшыларысыңдар»,- деген.  Алланың соңғы пайғамбары хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) Хасан мен Хұсейнді (с.ғ.с.) сахабаларына таныстырып, олардың ұлылығы туралы айтатын. Муавияның жақтастарының бірі және Әһле Бәйттің (ғ.с.) дұшпандарының бірі Әбу Хурайра бір сөзінде: «Хасан (ғ.с.) мен Хұсейнді (ғ.с.) иығына отырғызып, бізге қарай келе жатқан ардақты Пайғамбарды (с.ғ.с.) көрдім.  Ол бізге жақындап: «Осы екі баланы жақсы көретіндердің бәрі мені жақсы көргені.  Кім оларға дұшпандық жасаса, менімен дұшпандық жасаған болады»,- деді. Сүннит ғалымдарының бірі әл-Ғазали да ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) имам Хасан (ғ.с.) туралы сөзін есіне алып: «Ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) Хасан ибн Әлидің сұлулығы мен кемелдігіне қарап: «Бет-әлпет пен мінез жағынан маған ұқсайсың»,- деген»,- деп жазды.

Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) – шиіттердің екінші имамы, Ислам тарихындағы ықпалды тұлғалардың бірі, Алланың алдында ерекше орынға ие. Имам Хасан (ғ.с.) «Татхир» аятында («Ахзаб» сүресінің 33-ші аяты) айтылған Пайғамбардың әулетінің мүшелерінің бірі: «Әй Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды». Сондай-ақ «Мобахеле» ағымына қатысқандардың бірі. Бұл аятта Алла Тағала Хасан (ғ.с.) мен Хұсейнді (ғ.с.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) перзенттері деп таныстырып,  екі ұлы имамның жоғары дәрежесін еске салады. Имам Хасан (ғ.с.) Алланың сөзі әрқашан  жұмысының басы мен соңы болатын үйде тәрбиеленген. Әкесі Әли (ғ.с.) Құранның алғашқы жинаушысы, анасы Фатима (ғ.с.) әлемнің ең жоғары ханымы және ал оның отбасы Құран аяттарын ең жақсы меңгерген. Имам Хасан (ғ.с.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мінберінің қасында отырып, хазіреттің мүбәрәк тілінен Құран аяттарын тыңдап, тағылым алды. Ол бала кезінен Құран ғылымдарын жетік меңгерген, әдемі даусымен Құран оқыған. Тарихшылар имамның (ғ.с.) ең маңызды адамгершілік қасиеттерін ең жомарт, ең жұмсақ, ең адал, ең тақуа, ең кешірімді деп сипаттаған.

Сиути: «Хасан Ибн Әли (ғ.с.) көптеген ахлақтық артықшылықтар мен адами қасиеттерге ие болды. Ол ел мақтаған, ибалы, шыдамды,   ізетті, кең пейілді, жомарт тұлға еді»,- деп жазды.

Имам Хасан (ғ.с.) сондай сүйкімді және ізгі болмысымен қарамағындағыларға, соның ішінде құлдарға және әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға әрқашан мейірімді болды. Құлдарға өте қатыгездік жасалып жатқан кезеңде Пайғамбардың әулеті оларға мейіріммен қарап, мұсылмандар үшін үлгіге айналды. Бір күні қызметші имам Хасанға (ғ.с.) бір гүл сый етті. Имам (ғ.с.) оған: «Сен Алланың жолында еркінсің»,- деді. Имам Хасан (ғ.с.) бір гүл үшін қызметші қызды босатқанда, айналасындағылар қарсылық білдіріп: «Гүл үшін оны неге босаттыңыз?»- деді. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.): «Алла Тағала бізді «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ  қайтарыңдар» («Ниса» сүресі, 86-шы аят) деп тәрбиелеген. Оның сыйынан жақсырағы – Алланың алдынды еркін болуы»,- деп жауап берді.

Имам Хасан (ғ.с.) қоғамның әлсіз адамдарына барынша мейірімділік пен ізеттілік танытып қана қоймай, өзіне қарсы адамдарға да   өте сабырлы әрі жанашыр болып, оларға мейірімділік танытты. Мәдени кедейлер мен Муавиенің билігіне алданғандар, имам Хасан Моджтабадан (ғ.с.) ешбір кек сөздер естіген жоқ, керісінше рақымдылық пен мейірімділік көрді. Олар имамның кішіпейіл қарым-қатынасын көріп таңғалып, аз уақыттың ішінде сөздерінен ұялып, өкініштерін білдірді. Көптеген қорлық жасағаннан кейін имамның үнсіздігіне тап болып,   имамның  қонақжайлылығы   мен сүйіспеншілігін көрген сириялық адам сөздеріне қатты өкінді. Ол Әһле Бәйттің шынайы ғашықтары мен шәкірттерінің біріне айналды.

Имам Хасаннан (ғ.с.): «Сабыр дегеніміз не?»-деп сұрағанда: « Сабыр ашуды басып, өзін ұстау деген сөз»,- деп жауап берді. «Абырой мен ұлылық деген не?» деген сұраққа: «Туыс-тумалар мен отбасына жақсылық жасау және олардың зияны ме қылмысына шыдамдылық таныту»,- деді. «Жомарттылық деген не?» деген сұрақ қойылғанда: «Жомарттылық – дінді қорғау, өзін-өзі құрметтеу, оның өз ісімен қарым-қатынаста және өз ісін тексеруде, жалақы төлеуде және адамдармен достасудағы жұмсақтығы, жұмысыңызды тексеріп, жалақы төлеу және адамдармен достасу»,- деп жауап берді.

Имам Хасан (ғ.с.) Алланың тақуа құлы болған. Ғибадат кезінде ол дүниенің торынан босатылып, биікке көтеріледі. Намаз уақыты жақындаған кезде, Хасан ибн Әли (ғ.с.) вузу алып, намазға дайындалып, түсі өзгеріп, денесі дірілдеп кететін. Жағдайының өзгеруінің себебін сұрағанда, имам (ғ.с.): «Алланың алдында тұрған адам бозарып, қалтырап кетуге лайық»,- деп жауап берді.   Михрабта отыру имамның (ғ.с.) өміріндегі ең жағымды сәттердің бірі болып саналды. Сондықтан ол ғибадат кезінде өзінің ең жақсы, ең әдемі киімдерін киген. Біреу иманан: «Уа, Алла Елшісінің ұлы, неге намазда ең жақсы киіміңді киесің?» - сұрады. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.):«Құдай әдемі және сұлулықты жақсы көреді. Раббым үшін өзімді әдемі қыламын»,- деп жауап берді. Алла Тағала: «Әй адам балалары! Әрбір  намазда (немесе мешітте) зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер)»,- деген. Мен де ғибадат кезінде ең жақыс киімімді киемін»,- деді.

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) немересі имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

 

 

 

Тегтер