-
Иран саудиялық коалицияның йемендік әскери емес халыққа қарсы шабуылдарының жалғасуын айыптады
Шіл 04, 2018 14:36Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жазықсыз йемендіктердің қаза болуы мен жарақат алуына себеп болған саудиялық коалицияның әскери ұшақтарының Йеменнің Сааде облысындағы үйлену тойына жасаған шабуылын айыптады.
-
Иран Сауд Арабиясы мен БАӘ қырғи ұшақтарының Йеменнің бейкүнә халқына қарсы шабуылдарын күшейтуін айыптады
Маусым 27, 2018 14:36Иран СІМ Ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы мен БАӘ қырғи ұшақтарының соңғы күндері Йеменнің түрлі қалаларындағы әскери емес нысандарға жасаған шабуылдарын айыптады.
-
Йеменнің зымырандық бірліктерінің шабуылдары Риядтың қорқынышына себеп болды
Маусым 25, 2018 15:59Саудиялық коалицияның әл-Ходейдағы жан-жақты соғысы жалғасып отырған жағдайда Йеменнің зымырандық бірліктері мен халықтық комитеттері жексенбі күні Риядта орналасқан Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің ақпарат орталығы мен патшаның қарамағындағы бірнеше орталықты зымырандық шаубылдың нысанына алды.
-
Әл-Ходейда айлағының басшылары айлақтың қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын хабарлады
Маусым 20, 2018 08:08Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің жалдамалылары АҚШ, Ұлыбритания мен Франция әскерилерінің тікелей қолдауымен өткен сәрсенбіден бастап Йеменнің әл-Ходейда айлағын басып алу амалдарын бастады.
-
БҰҰ-ның бірқатар қызметкері Йеменге оралды
Маусым 18, 2018 14:31Йемендегі мемлекеттік ақпарат көздері Йеменнің батысындағы әл-Ходейда айлағындағы БҰҰ кеңселерінің жұмысын қайта жалғастыру мақсатында осы ұйымның бес қызметкерінің оралғанын хабарлады.
-
Йеменнің әл-Ходейда қаласында Сауд Арабиясының ірі тыңшылық тобының басшысы құрықталды
Маусым 17, 2018 23:01Йеменнің қауіпсіздік күштері Сауд Арабиясының әл-Ходайда қаласының Тахаме аймағында саудиялық ірі тыңшылық топтардың бірін анықтап, оның тәкфиршіл басшысын құрықтады.
-
Әл-Хуси: АҚШ пен Ұлыбритания әл-Ходейдадағы соғысқа жауапты
Маусым 14, 2018 15:18Йеменнің Жоғары революциялық кеңесінің басшысы Мұхаммад Әли әл-Хуси: "АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің оңтүстігіндегі әл-Ходейдағы кез келген жаңа соғыстың басталуына жауапты",-деді.
-
ЮНЕСЕФ: 11 миллион йемендік бала гуманитарлық көмекке мұқтаж
Маусым 13, 2018 14:31ЮНЕСЕФ қоры сейсенбі күні Йеменнің жағдайын апатты деп бағалап, 11 миллион йемендік баланың гуманитарлық көмекті қажет ететінін жариялады.
-
Әл-Хуси: Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің мақсаты – Йеменді басып алу
Maм 28, 2018 14:23Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменге әскери басқыншылығының мақсатын бұл елді басып алу деп атап: "Оларда ешқандай бейбіт мақсат жоқ",-деді.
-
Иран мен Еуроодақ Йемен дағдарысы туралы сұхбаттасты
Maм 04, 2018 19:12Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Иран мен еуропалық төрт мемлекеттің Римдегі Йемен дағдарысы туралы отырысынан кейін келіссөздердің мақсатын Йемен дағдарысын зерттеп, бұл дағдарыстың шешім жолын табуға талпыныс жасау деп атады.