Маусым 28, 2019 17:29 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намызының имамы: Иранның стратегиясы – қарсыласу және дұшпанның ерік-жігерін сәтсіздікке ұшырату

Теһран жұма намазының имамы Иранның АҚШ-тың замануи тыңшылық ұшқышсыз ұшағын құлатуын Ислам республикасының дұшпанға қарсыласуы және оның ерік-жігерін сәтсіздікке ұшырату деп атады.

Сейед Мұхаммад Хасан Абуторабифард Теһран жұма намазының құтпаларында: «ИИР-ның стратегиясы қарсыласу және дұшпанның ерік-жігерін сәтсіздікке ұшырату. Иранның мықты ерік-жігері осы кезде әлемнің бүкіл саясаткерлерін, қарсыласу  майданына адал күштері және тіпті аймақтағы АҚШ-тың тәуелді басшыларына әсерін тигізді»,- деді. Теһран жұма намазының имамы әлемдіктердің Иранның аймақтағы әсері мен АҚШ-тың саясаттарының сәтсіздікке ұшырауларын мойындайтындарына тоқталып: «Иранның қорғаныс стратегиясы Ислам республикасының әуе, теңіз және құрлық шекараларына жасалған әр шабуылға қатаң әрі жылдам жауап қайтарылады деген жолдауды жеткізеді»,- деп қуаттады. Теһран жұма намазының  имамы сондай-ақ аймақтағы қарсыласу майданының жеңістерін еске салып: «Ислам революциясы жетекшісінің АҚШ Президентінің жолдауы мен мен Палестинаның топтары мен саяси партиялардың бірлігі және Манамадағы америкалық отырысқа қатысты қатан ұстанымы Дональд Трамптың Палестина туралы қиялдарын сәтсіздікке тіреді»,- деді.

Тегтер